Архимед күші
Физика (7 - сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық қабілетін арттыру.
Білімділігі: Архимед күшін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларға сұйыққа немесе газға батырылған денеге әсер ететін кері итеру күшін тәжірибе жүзінде көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың типі: Аралас
Пән аралық байланыс: Математика
Көрнекілік: Слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
2 Үй жұмысын тексеру.
3. Слайдпен жұмыс.
4. Тәжірибе жасау
5. Бекіту
6. Оқушыларды бағалау.
Сұйыққа немесе газға батырылған денені - сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың немесе газдың салмағындай күш вертикаль жоғары итереді. Бұл ежелгі Грецияның ұлы ғалымы, математика механигі Архимед ашқан заң. Енді осы заңды түсіндіріп көрейік. Сұйықтың ішіне формасы куб болып келген әр қабырғасы а - ға тең қатты дене батырылсын. Оның бүйір жақтарына әсер еткен қысым күштері өзара компенсацияланады да кубқа горизонталь бағытта қорытқы күш әсер етпейді. Ал жоғарғы бетке түсірілетін қысым мен төменгі бетке түсірілетін қысымның айырымы мынаған тең.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің
физика пәні мұғалімі Тілеуберген Аманбол