Тірек үлгі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.
Сабақтың мақсаты: 1. Отбасы – әр адамның шағын отаны, отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Үлкендерден адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, зерттеушілік, жеке жұмыс, тірек үлгілері.
Жабдығы: Н. Ә. Назарбаевтың сөзі, тірек үлгілері, эссе тақырыптары, топтау.
Жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту. Қонақтармен амандасу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық. Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,-
деп бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
II. Мағынаны тану.
1 Жұмбақ. Онда әкем, шешем тұрады,
Ата - әже, бауырым,
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады.
Отбасы

2 Ой қозғау. Ал отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал қоғам деген не? Әр топ өз пікірін айтады.
Үйге берілген тапсырманы интернеттен, кітапханадан, үлкендерден сұрау.
3 Мұғалімнің түсіндірмесі.
4 Балалар, сендер отбасында қандай міндеттер атқарасыңдар?
5 Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей 4 оқушы оқиды.
6 Дәптермен жұмыс.
Отбасы дегенге әр топ анықтама береді.
Отбасы деген – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
7 Ойын Бәйге . Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар -
мен бағаланады.
- Отбасындағы баланың міндеті қандай?
- Отбасы қоры қалай жиналады?
- Туған - туыспен қарым - қатынас деген не?
- Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- Отбасының басшысы кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?
- Үлкенді сыйласаң -... қадірлі боларсың
Кішіні сыйласаң -... құрметті боларсың .
- Татулық табылмас -... бақыт .
8 Жеке жұмыс. Эссе жазу. Тақырыптары:
а Ата, әже – асыл жандар.
ә Әке – отбасының қамқоршысы.
б Ана – отбасының құт - берекесі.
в Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.
9 Ата - ананың балаға айтар тілегі. Балалар: Рахмет!
III. Ой толғаныс. Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік? Тірек үлгі.
Н. Ә. Назарбаев: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады .
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жеті атаны жазып келу.


Скачать


zharar.kz