Қандағы ерекше нәруызды зат

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Білімді биологтар
Сабақтың мақсаты: Білімді жүйелеп қорытындылай отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, танымдық қызығуын дамыту, оқушылардың ұжымдасып жұмыс жасауын қалыптастыру, белсенділіктерін арттыру, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сайыстың шарттары
1. Ғажайып сұрақтар
2. Танымдық тапсырма
3. Аукцион
4. Ғалымдарды танимыз ба?
5. Суретті тапсырма

Ғажайып сұрақтар
1 - ТОП
1. Қан жасайтын мүше. (сүйектің кемік майы)
2. Адам қанындағы эритроцитердің бірігіп қалуы. (сүйектің кемік майы)
3. Жартылай қозғалмалы болып байланысқан сүйектер. (омыртқа жотасы)
4. Тұқым қуалау белгісін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. (хромосома)
5. Өсу гормонының артық синтезделуінен болатын ауру. (акромегалия)
6. Сұйық дәнекер ұлпа. (қан)
7. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі. (аксон)
8. Жұлынның жалғасы. (сопақша ми)
9. Көздің қосымша бөліктері. (кірпік, қас, жас безі)
10. Ең ұзын бұлшық ет. (тігінші бұлшық еті)

2 - ТОП
1. Адам денесіндегі ең ұзын сүйек. (ортан жілік)
2. Тромбоциттердің негізгі қызметі. (қанның ұюы)
3. Құрылысы, түзілуі, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы. (ұлпа)
4. Ұйқы безден бөлініп қандағы қант мөлшерін реттейтін гормон. (инсулин)
5. Сүйек қандай ұлпа? (дәнекер)
6. Жасушаның энергия станциясы. (митохондрия)
7. Организмдердің тітіркенгіштерге жауап реакциясы. (рефлекс)
8. Жарық пен дыбысқа елең етіп, жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз ететін ми бөлігі. (ортаңғы ми)
9. Денедегі ең кішкентай сүйек қайда орналасқан? (ортанғы құлақта)
10. Қозғалмайтын болып байланысқан сүйек. (бас, сегізкөз бен құйымшақ)

3 - ТОП
1. Қандағы ерекше нәруызды зат. (резус - фактор)
2. Жүйке жүйесінің қысқа өсіндісі. (дендрит)
3. Биологиялық белсенді химиялық заттар. (гормондар)
4. Тағамның құрамында йод жетіспегеннен болатын ауру. (эндемиялық зоб)
5. Мидың орташа салмағы. (1300 - 1400гр)
6. Үш басты бұлшық ет. (трицепс)
7. Эритроциттердегі ерекше нәруыз. (гемоглобин)
8. Әмбебеп донор қандай топтарға қан береді? ( Ι, ΙΙ, ΙΙΙ, ΙV )
9. Жұлынның орналасқан жері. (омыртқа жотасының өзегі)
10. Адамның ауруларды қабылдамау әрекеті. (иммунитет)

Танымдық тапсырма

1 - ТОП
Сұрақ: Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыша ойнай ала ма?
Жауап:
Жоқ, себебі мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ - қол бұлшық еттерінің қозғалысын, дененің тепе - теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол - аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе - теңдігі, сөзі бұзылады

2 - ТОП
Сұрақ:
1492 жылы Рим Папасы Иннокетий VII - ні жасарту мақсатында оған 10 жасар 3 ұл баланың қанын ішкізгенін білесің бе? Бұл оған қан құюдың орнын алмастыра алар ма еді?
Жауап:
Жоқ, себебі ішкен қан ас қорыту жолына түсіп қорытылып кетеді. Ал қан құю бұл тікелей тамырға жіберіледі.

Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
Биология пәні мұғалімі: Абдуллаева Маржан Алдонгаровна

Білімді биологтар. жүктеу


Скачать


zharar.kz