Абай қысы

Скачать

Абай тереңіне үңілу
Сабақтың мақсаты: І. Білімділік. Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарды бекіту, қорытындылау.
ІІ. Дамытушылық. Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.
ІІІ. Танымдық. Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Сабақ әдісі: аралас, панорамалық.
Түрі: қазына сабақ.
Көрнекілігі: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, сабақ жоспары, эпиграф жазылған плакат беттер, газет журнал материалдары, фотосуреттер, ақын шығармашылығына арналған папка, кітап көрмесі, сөзжұмбақ, тест материалдары.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,- деп ақынның өзі айтқандай, соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп , тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңдарын асау жүрегінен ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп айтқан екен.( сабақтың басталуы - слайд) көрсетіледі.
Сабақ жоспары

І. Абай - сазгер
ІІ. Абай - аудармашы
ІІІ. Абай – қарасөз шебері
ІҮ. Абайдың – табиғат лирикасы
Ү. Әдеби теориялық талдау
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
ҮІІ. Қорытындылау

Үй тапсырмасы бойынша Маржан слайд арқылы Абайдың өмірбаянымен таныстыру.
1. Сабақ жоспары бойынша Құндыз дайындаған материалдарымен таныстырады.
2. Абай - аудармашы бөлімі бойынша Құндыз таныстырады. Соңында Татьянаның хаты әнін орындайды.

3. Мұғалім: Абай - бүгінгі адамға қажетті сауатты, ерекше білімді уағыздың иесі... Хакім Абайдың қара сөздері адам туралы ғылымның көркем сөзбен баяндалуы дейді ғалым А. Ісмақова.
Ары қарай Ауғанбай дайындаған материалын Абайдың қарасөздері слайды арқылы таныстырады.

4. Мұғалім: - Абайдың орыс поэзиясынан алған тағы бір үлгісі - табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың Жаз , Күз , Қыс , Қараша желтоқсанмен сол бір - екі ай , Желсіз түнде жарық ай атты табиғат лирикалары бар. Абай қыс табиғатын бұдан өзгешелеу стильде суреттейді. Бұл нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туылған өлең. Абай қысы: Н. Некрасовтың Аяз атасы тәріздес. Бұл өлеңінде Абай қысты бейнелей келе көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін, кедей үйлерінің тұрмысын көрсетеді. Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып. Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты. Енді оқушылар өлеңдерінің шығу тарихымен слайд арқылы таныстырады.


Скачать


zharar.kz