Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік адам, табиғат қарым – қатынасын түсіндіру. Баланы табиғатқа үстемдік етпейтіндей, табиғат пен тең қатынас сезімдерін тудырып түсіне ықпал жасау
2. Дамытушылығы: оқушылардың адам, өсімдік, жануар туралы ой - өрісін кеңейтіп, олардың сабаққа деген қызығушылық тарының, белсенділіктерінің дамуына ықпал жасау.
3 Тәрбиелік: мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: СТО технологиясының элементтері, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру
Қоршаған орта әлемі,
Не деген көркем әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.- деп табиғатты
мадақтай отырып, дүниетану сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бекіту сұрақтары
- Балалар, жануарлар арасында өзара қайырымдылық дегенге қалай түсінесіңдер?
- Адам мен жануарлар арасында қандай қарым - қатынас бар?
- Өзің тұратын жерде жануарларды қорғау туралы қандай жұмыс жүргізеді?
- Өлең шумақтарын жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар
ІV. Ой қозғау
Қоршаған орта табиғат
Өсімдік, жануар, адамзат,
Сүю, қорғау парасат,
Біліп жүр, мұны адамзат
V. Мағынаны тану
- Олай болса, осы тірі табиғатқа жататын адам, өсімдік және жануарлар үшеуінің байланысы жайлы бүгінгі сабағымызда айтамыз.
----------------- Табиғат
↙ ------------------↓---------------↘
Адам Өсімдік Жануар
Адам өзіне қажетті жануарларды қолға үйреткен екен. Сондықтан олар үй жануарлары деп аталады.
Сергіту сәті:
Табиғат қандай тамаша
Тоймаймыз бізде тамсана
Аңдар еркін жүреді
Балықтар шіркін жүзеді.
Табиғаттың жыры көп
Табиғаттың сыры көп.
Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту
Дәптермен жұмыс
Сабақты бекіту:
- Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысқа мысал келтір.
- Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы қандай?
- Өз жеріңде өсімдік шаруашылығы бар ма?
- Одан қандай өнім түрлерін аламыз?
- Өзің тұратын жерде мал терісін илейтін кәсіпорын бар ма?
Шығармашылық жұмыс. Суретпен жұмыс
Үй тапсырмасы Адам және өсімдіктер мен жануарлар тақырыпты оқып, түсінігін әңгімелеу. Суреттер салып келу
Мадақтау
Бағалау