Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу - қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау. Қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, дамытушы ойындар.
Қолданылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, түрлі - түсті шарлар, тиісті суреттер, слайд.
Мотивациялық - қозғаушылық Қайырлы таң балалар!
Сендер бүгінгі математика оқу - қызметіне қандай жайдарлы, қуанышты, ақжарқын болып келгенсіңдер!
- Балалар, бүгінгі біздің оқу - қызметіміз ерекше, өйткені бізге қонақтар келіп отыр, барлығымыз бұрылып амандасып шығайық.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Кәне барлығымыз бірге амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Армысың аспан әлемі,
Армысың мейірімді Жер - ана.
Армысың менің достарым,
Сәлем бердік сіздерге!
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті, сол хаттың ішін - де сендерге арналған тапсырмалар бар екен, балалар тапсырмаларды орындайсыңдар ма, дайынсыңдар ма?
Ұйымдастырушылық - ізденуші
1 - тапсырма.
- Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер?
- Пішіндерді кезек - кезек тақтаға
іліп, оларды дұрыс атау:
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп).
- Дөңгелекке доп, тәрелке ұқсайды ма? (суреттерін іліп көрсету, түсіндіру)
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (үшбұрышты көрсетіп)
- Үшбұрышқа не ұқсайды? (таудың, қайықтың желкені, үйдің шатырының суреттерін іліп), олар үшбұрышқа ұқсайды ма?
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (сопақшаны көрсетіп)
- Сопақшаға не ұқсайды? (қауынның, жұмыртқаның суреттерін іліп), олар сопақшаға ұқсайды ма?
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (төртбұрышты көрсетіп)
- Төртбұрышқа не ұқсайды? (теледидардың, көп - қабатты үйдің, терезенің суреттерін іліп) олар төртбұрышқа ұқсайды ма?
Дидактикалық ойын Салыстыру .
Суретте берілген жемістерді санау арқылы қайсысы көп, қайсысы аз екенін таңба арқылы белгілеу.
2 - тапсырма.
Түрлі – түсті қиылған дөңгелек қағаздарды түстері бойынша тиісті ыдыстарға сал (қызыл түсті дөңгелекті - қызыл ыдысқа, сары түсті дөңгелекті - сары ыдысқа, т.с.с.)
Геометриялық пішіндер жүктеу