Сабақтың тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Ә) Дамытушылық: Жұқпалы аурулар туралы білімдерін жетілдіре отырып, оның болдырмаудың жолдары бар екендігіне көздерін жеткізу.
Б) Тәрбиелік: Жеке бас тазалығына тәрбиелеу және адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық - ұжымдық жұмыс
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызба – нұсқалар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
2. Темекінің, ішімдіктің, есірткінің адам организміне әсері қандай?
3. Зиянды әдеттерге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау.
Ағзаларға ауру туғызатын жұқпалы аурулар бес топқа бөлінеді:
1. Бактериялар, яғни микробтар туғызатын аурулар ( туберкулез, іш өту, өкпе қабынуы, т. б.)
2. Вирустар, бактерияға қарағанда кішкентай микробтар туғызатын аурулар ( сары ауру, құтыру, тұмау, т. б.)
3. Грибок туғызатын аурулар ( қышыма, теміреткі, аяқтағы грибок, т. б.)
4. Денеде тіршілік ететін ішкі паразиттер тудыратын аурулар ( безгек, іш сүзегі, т. б.)
5. Денеде тіршілік ететін сыртқы паразиттер тудыратын аурулар ( бит, бүрге, қотыр, қышыма, т. б.)
Біз бүгін вирусты А гепатитімен танысамыз.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бауыр дегеніміз не, және оның адам денесіндегі орналасқан жері, атқаратын қызметі жайлы мына суреттерге қарап, танысамыз.
Бауыр – ең ірі без. Массасы шамамен 1500 грамм. Ол қызыл - қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Оның секреті - өт. Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш,
Алға, артқа серме
Жасап көрші сен де.
ІҮ. Сабақты пысықтау:
Арнайы берілген фигуралар арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
І - топ
1. Аурудың алғашқы белгілері.
2. Жаны сауға - күнде той
ІІ - топ
1Аурудың алғашқы белгілері.
2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ
Ситуациялық сұрақ:
Екі топтан екі бала гепатит ауруымен ауырды делік. Бір бала ауруынан тез айықты, екіншісінің жағдайы нашарлап кетті. Неліктен?
Ү. Сабақты қорытындылау:
П. К. Ивановтың Қарағым атты ілімнің 6 - ережесі Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірегіңе түкірме, жалпы қақырынып - түкірініп, ішіңнен ештеңі шығарма. Осыған әдеттен. Бұл сенің денсаулығың .
Ендеше балалар, ауырмау әрқайсымыздың өз қолымызда екен. Тазалықты сақтап, бір - бірімізге қамқор болып жүрсек, біз бәрін де жеңеміз.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Гепатит ауруының алдын алу тақырыбына реферат жазу.
ҮІІ. Бағалау: