Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес. Дұрыс құрылған күн тәртібі мектеп оқушысы үшін оқумен қатар демалуға және ойын ойнауға да уақыт табуына мүмкіндік береді.
Баланың денсаулығы күн тәртібін реттеумен қатар дұрыс тамақтану және уақытылы ұйқыға да байланысты, сондықтан ата - ана осына үнемі ескертіп отырса бала осыған әдеттенеді.
7 - 8 жас (1 - 2 - сынып)
▪ Таңғы ұйқыдан ояну 7.00
▪ Таңғы жаттығу, Жуыну, Төсекті жинау 7.00 - 7.30
▪ Таңғы ас 7.30 - 7.50
▪ Мектепке бару 7.50 - 8.20
▪ Мектепте сабақ оқу және қоғамдық жұмыс 8.20 - 12.30
▪ Мектептен қайту 12.30 13.00
▪ Түскі ас 13.00 - 13.30
▪ Күндізгі демалу, ұйқы 13.30 - 14.30
▪ Таза ауада серуендеу 14.30 - 16.00
▪ Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын орындау 16.00 - 17.00 (1сынып); 16.00 - 17.30 (2сынып)
▪ Таза ауаға шығу немесе үйірмеге бару 17.30 - 19.00
▪ Кешкі ас және телевизор, компьютер қарау, кітап оқу, музыка тыңдау 19.00 - 20.00
▪ Кешкі ұйқыға дайындалу (әжетхана, беті - қолы жуу, тісті тазалау) 20.00 - 20.30
▪ Түнгі ұйқы 20.30 - 7.00
Толық нұсқасын жүктеу