Анафора - өлең тармақтарында сөз басында ғана бір немесе бірнеше сөздің қайталанып келуі

Скачать

Әдебиет теориясы бейіндік курсына арналған көмекші құрал

1. Антитеза – ақын - жазушылар бір нәрсе суреттегенде екі затты қатар қойып суреттеп, үшінші заттың бейнесін суреттеп көрсетеді. Мысалы, Ақжүніс Қарт Қожаға:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр!- деп салыстырады.
Сонда бетінің аппақ екенін Ақжүніс осылай көрсетеді .

2. Анафора – өлең тармақтарында сөз басында ғана бір немесе бірнеше сөздің қайталанып келуі.
Қосшыға Қоқан жазылды,
Қоғам болды соқа алды - дейтін.
Сықыр - сықыр соқасы,
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін
(Қ. Мырза Әли)

Солқылдатты сол маңды.
Қолаң шашты тұқымды
Қоқан жерді қопарды.
Өлеңнің әр жолы кейде
Бір сөзден басталады...
(І. Жансүгіров, Көктемде )

3. Антоним - жеке сөзбен аталған мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Жоғары - төмен үйрек - қаз,
Ұшып тұрса сымпиып.
(Абай, Жаз )
Ақ-қара, алыс-жақын. Бұл оңай мәселе, өйткені бұны қазақ тілінде де өтеді.

4. Ассонанс – өлең тармақтарының бастапқы сөзі тек қана біріңғай дауысты дыбыстардан басталады.
Ағынды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың.
Ақилаған ашумен
Ақтарды асқар сабасын.
(І. Жансүгіров Ағынды менің Ақсуым )
... Қатараған қара нар
Арқаның қиып алған күн,
Алма мойын аруды
Ат артына салған күн.
( Мұнар күн , Махамбет)


Скачать


zharar.kz