Балалардың қателігі

Скачать

Қырсыққа тап болмас үшін ауыздан шыққан сөзге абай болған жөн!
Бақытты тұрмыстың мәнін ашатын танымал мәтел: тыныштық – алтынмен тең бәрімізге таныс, алайда, құрбыңмен кездесіп баланың мінез - құлқы, енеңізбен ара - қатынасыңыз, күйеуіңізбен келіспей қалғаныңыз туралы болған жағдайлар туралы сөйлеспей отыра алмайсың. Отбасылық мәселелер туралы өзгелерге сыр ашу зиянды, сәтсіздік әкелуі мүмкін екенін бірі білсе бірі білмей жатады, ең дұрысы құпия сақталуы керек.
Бақытты өмірдің кілті – тыныштық екенін бәріміз білеміз алайда ережені ұстанбаймыз.

1. Махаббат және ара-қатынас.
Ерлі-зайыптылардың ара-қатынасы немесе қыз бен жігіттің романтикалық байланыстары – тек екеуіне ғана қатысты. Бірақ қазіргі қоғамда жұбайының опасыздығы, жарының жағымсыз мінез-құлқы яғни дербес өмірі туралы әлеуметтік желіде бөлісуді ұят іс әрекет санамайтын болғалы қашан. Өкінішке орай, жария етілген әрбір сөз жұптардың ортақ энергетикасын бұзады. Жұптар туралы неғұрлым көп әңгімелеген сайын – тигізер зияны да арта береді. Қыз бен жігіт арасында жағымды байланыс орнаса отбасын құру туралы ойлаған болса достармен, таныстарыңымен бөліспей-ақ құпия қала берген жөн.

2. Денсаулық.
Соңғы кезде байқасаңыз, аз уақыттың ішінде автобус аялдамасында болсын, кезек күтіп тұрып та адамдар тез танысып, денсаулығынан бастап оны-мұны сөз етіп достасып үлгереді. Денсаулық адам өміріндегі ең маңызды тақырып болғандықтан тіпті желіде, теледидарда адамдардың арасында шынайы қызығушылық туғызып, тілектестігін білдіріп назарын аударады, сонымен қоймай қанша уақытты алады. Күнделікті қиындықтармен күресуге адам бойын қоршап тұрған сары қуатты орталықтар (желтая чакра) жауапты, егер сіз денсаулығыңызға шағымданып, оны басқалармен талқылай бастасаңыз оның күші әлсірейді. Егер адам бойын қоршап тұрған сары қоршауды қалыпты ұстаймын десеңіз, бойыңыздағы күш әлсіремес үшін денсаулық тақырыбын дәрігер маманмен ғана сөйлесіп, талқылаңыз.

3. Табыс пен шығын.
Әңгімелесуге шабытыңды оятатын тағы бір мәселе ол – кіріс және қаржылық қияндықтар немесе материалдық әл-ауқат болып табылады. Мұны неге талқылауға болмайтынын айтсам сіз таң қалатын боларсыз? Өйткені қаржылық жағдайдың да өз энергетикасы бар, дәлірек айтсақ – сіздің қаржы арнаңыз. Сіз материалдық сұрақтарға жауап бере отырып, сіздің қаржылық қуатыңыздың тартылуына жол ашылады және әңгімелескен адамға ауысуына мүмкіндік ашылады. Керісінше, қаржы туралы сәтсіздікті басқалармен әңгімелегенде бір-біріне ауыспайды.

4. Балалардың қателігі.
Бала кіші болсын, үлкен болсын ана мен бала арасы көзге көрінбейтін ерекше түйсік арқылы байланысады. Мұндай энергетикалық байланысты ең берік деп атауға болады. Балаңыздың қитұрқы мінез-құлқын құрбыңызбен сөз ете отырып аналық энергоорталықтарын жауып, баланы аналық қорғаныстан айырасыз. Баланың кемшілігін әңгімелегеннен кейін жеңілдеп қалғаныңызбен ол баланың өміріне әсер етіп қосымша проблемалар туғызуы мүмкін.
Үйдегі ыдыс-аяқ сылдыры дыбысын сыртқа шығармау туралы біздің ата-бабаларымыз баяғыда дұрыс айтып кеткен. Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі,- деп бекер айтылмаса керек.

Дайындаған: Жадыра.


Скачать


zharar.kz