Дегендей хан – өлсе де тағы қалсын
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы
Дегендей хан – өлсе де
тағы қалсын,
Балқантау айтып көкке
базынасын.
Балқанның шулайды кеп
қайыңдары,
Қойнауынан жоғалтып
қазынасын.
Осылай айналдырсам
ұршығымды,
Қызыл тас дейді келіп біл
сырымды.
Базынасын жеткізіп
Балқаным тұр,
Қайыңдар тұр қайтар деп
Тұрсынымды.
Бұлақтың естілмеді
сыңғыры да,
Олда соны сағынды
шындығын да.
Баурайынан Балқанның
кісінейді,
Тұрсынның байлаулы аты
шылбырында.
Жетімсіреп тастарда
сырқырайды,
Тұрсынды алған жазғырып
бір Құдайды.
Қара ағаштар иіліп қара
жерге,
Жап – жасыл көздерімен
құр жылайды.
Құдай - ау, қалауыңды ел
естегір,
Балқаннның маңдайына
келіскен ұл.
Әлі күнге Балқантау
төбесінде,
Шыр айналып қона алмай
періште жүр.
Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.