Балалардың жылқы туралы білімдерін бекіту

Скачать

Тақырыбы: Жылқы – малдың патшасы немесе Жеті қазынаның бірі – жылқы
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Жылқы - малдың патшасы немесе Жеті қазынаның бірі – жылқы
Сабақтың мақсаты: Балалардың тіл дамыту сабағына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін әрі қарай арттыру. Балалардың жылқы туралы білімдерін бекіту. Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Үстел үсті театры (суретті – конусты), эйлер шеңбері: Жылқы – жеті қазынаның бірі , жылқы суреттері, қимылды ойын Теңге алу , дидактикалық ойын Жылқының пайдасы

Мотивациялық – қозғаушылық
Қуаныш шеңбері
- Балалар, адамдар бір – бірімен амандасқанда қол береді. Ал біз бүгін ерекше амандасамыз. Біз амандасқанда бір – біміздің қолымыздан, мұрнымыздан, құлағымыздан ұстап, аяқтарымыз бен арқамызды қағыстырып амандасайық.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
- Балалар, жан – жағымызға қарайықшы, нелердің суретін көріп тұрмыз?
- Жылқы – үй жануары ма, әлде дала жануары ма?
- Балалар, мына жерге келіп отырайық

Жылқы туралы әңгімелеу
- Балалар, жылқы малы адам үшін өте пайдалы мал. Жылқыны адамдар ғасырлар бұрын қолға үйретіп, пайдасына жаратқан. Жылқының етін жейміз, сүтінен қымыз жасап ішеміз, үстіне мініп, мал бағамыз, баратын жерімізге барамыз, қыста шана жегіп, жазда арба жегіп керегімізді тасып аламыз. Сонымен бірге жылқымен ойналатын ұлттық ойындарымыз бар.
Жылқы туралы ертегілер де көп.

Суретпен жұмыс Жеті қазына
Билингвалды компонент
- Балалар, сонымен бірге қазақ халқы жылқыны Жеті қазынаның бірі деген.
- Қазына деген орысша қалай болады?
- Бұрын аталарымыз аңшылықпен өмір сүргесін, Жеті қазынаға 1 Ер жігіт
2Сұлу әйел
3 Жылқы
4 Ит
5 Бүркіт
6 Білім
7Мылтықты кіргізген
- Кәне, қайталаңдаршы

Тәрбиеші: Рахимжанова А. Б.

Жылқы – малдың патшасы. жүктеу


Скачать


zharar.kz