Телефонға кешкісін телміремін

Скачать

Телефонға кешкісін телміремін.
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы

Телефонға кешкісін
телміремін
Сыбырлар құлағыма
кешім не деп?
Сол кеш сені құшқаным
есімде тек.
Алғаш сені қысып бір
құшқанымды,
Отырмын парағыма
Көшірмелеп

Тілегімді қош етпес Құдай
неғып,
Құшағыма еніп ең құлай
келіп.
Қос ғашығын қосақтап
бірге емізген,
Сол кешті енді екеуіміз
Ұмай делік.
Сезімнің сені көріп
айнасынан,
Сені көрем жарқ етсе жай
басынан.

Телефонға кешкісін
телміремін,
Жұматайдай хат күткен
Ләйласынан.
Айрылып қалмасын деп
қолдағыдан,
Кешкісін түсіп отыр торға
бұл ән.

Айға атыңды жеткізіп
жырлап жатсам,
Қай жерің кем Естайдың
Қорланынан.
Телефонға кешкісін
телміремін,
Жырымнан біліп алды ел
білерін.
Саған қарай қиқулап ұшу
қалды,
Одан басқа шарам жоқ
енді менің.

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.


Скачать


zharar.kz