16 желтоқсанға орай желтоқсан құрбандарын еске алу.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биікте
Мақсаты: Оқушылардың қабілеттерін, білімдерін салыстыра отырып тәуелсіздіктің қиын - қыстау кездерін еске түсіру арқылы елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Көрініс
Көрнекілік: Слайдтар, плакаттар. т. б.
Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме қадірлі көрермен қауым ата - аналар. Сіздердің алдарыңызда 2 А сынып оқушыларының тәуелсіздік тұғырына қалай қол жеткізгеніміз туралы көріп тамашалайсыздар.
Көшпенділер слайды:
Тақпақ:
І - оқушы: Абылай замананы батырлар заманы
Найзаның ұшымен қылыштың жүзіммен қасық қаны тамғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар
аманатын жалғастырған боздақтар қаншама?
ІІ - оқушы: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырда,
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.
ІІІ - оқушы: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік.
Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін
Кімдер бас тігіп құрбан болмады.
І - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Қадірлі көрермендер,Сіздермен бірге желтоқсан оқиғасының куәгері Күзембаев Қайырғали аға.
- Иә аға бұл күнге жету үшін ата - бабаларымыз қаны мен жанын берген. 200
Жыл бұрын патшалы Ресейдің құрамында болдық. 70 жыл бойы әміршіл - әкімшіл үкімет үстемдік етті. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылды еске түсіріп көрейікші.
Көрініс: Қолдарында Қазақстан жасасын! , Әр Республикаға - өз басшы! , Дербестік талап етеміз! - деген ұрандары бар плакаттары.
Дыбыстар: Естідіңдер ме?.. Бұл не масқара..., Неге халықпен санаспайды..., Қашанғы шыдаймыз...
Ербол Спатаев: Демократияны бұғаудан шығарып босатыңдар, әр елге өз басшысы керек.
Ләззат: Сүймейтұғын болдық қой күймей ғұмыр.
Көленке күннен де тимейді нұр,
Колбин деген кім қайдан келген
- Уа сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тақпақ:
ІҮ - оқушы: Қаһарман қыз – Ләззат қыз
Ү - оқушы: Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға не бары.
ҮІ - оқушы: Азаптады қарақшылар қан құйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қырлы,
Арпалысып теңдігі үшін қазақтың,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
ҮІІ - оқушы: Ел үшін ерлігімен елеке,
Абырой мен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
ҮІІІ - оқушы: Қаһарман қыз ғажап қыз,
Ұрандады Ләззат қыз,
Біз қазақпыз қазақпыз!
Өмір керек азапсыз,
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз.