Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті,
№11 оқу орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Дүйсебаев Нұрболат Бөлегенұлы
6 сыныбына арналған жеңіл атлетикадан ашық сабақ
жоспары № ____
Сабақ тақырыбы: 60 метр қашықтыққа жүгіруді дамыту
Сабақ мақсаты: Қозғалыс белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа, бірлікке баулу.
Сабақ өтетін орын:
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, үйрету, қайталау, жаттығу, ойын.
Құрал - жабдықтар: Ысқырық, уақыт өлшегіш, эстафеталық таяқша және т. б.
Күні, уақыты: ________________
Сабақ өтуші:
Сабақ мазмұны
Дайындық бөлімі - 15 минут
Сапқа тұру. Ақпар беру. Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Саптағы жаттығулар: оңға, солға, кері бұрылу.
I. Жүру: 1. Аяқтың ұшымен
2. Өкшемен
3. Табанның ішкі қырымен
4. Жартылай отыра, толық отырып
\II. Жүгіру: 1. Тізені көтере
2. Аяқты қайшылай
3. Аяқты артқа сілтей
4. Оң, сол қапталмен, тіркеме
адыммен
5. Арқамен, алға қарай жүгіру
III. Демалу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1. Б. Қ. Аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру, 1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
2. Б. Қ. Қол иықта 1 - 4 алға қарай, 1 - 4 артқа қарай айналдыру.
3. Б. Қ. Қол кеудеде. 1 - 2 қолды бүге артқа, 1 - 2 қолды жазып оңға, 1 - 2 қолды жазып солға.
4. Б. Қ. Қол желкеде, 1 - 2 денені оң жаққа, 3 - 4 сол жаққа бұру.
5. Б. Қ. Оң қол белде, сол қол жоғары. 1 - 2 оңға, 3 - 4 солға еңкею.
6. Б. Қ. Қол белде, аяқ иық деңгейінде ашулы.
1 - Қолды еңкейіп, оң аяққа
2 - ортаға
3 - сол аяқтың ұшына тигізу
7. Б. Қ. Қол белде.
1 - Отырып қолды еденге тіреу
2 - Аяқты артқа сермеу
3 - Отырып қолды еденге тіреу
4 - Б. Қ.
8. Б. Қ. Қол белде.
1 - 4 оң аяқпен секіру
1 - 4 сол аяқпен
1 - 4 екі аяқпен жоғары секіру
Толық нұсқасын жүктеу