Түйенің әнін үйрену

Скачать

Топтамадағы сабақ тізімі:
1. Түйенің әнін үйрену. Ә. Еспаев, Ә.Дүйсенбиевтің Ақ тайлақ әнін үйрету
2. Ақ көгершін әнін үйрету

Сабақтың тақырыбы: Түйенің әнін үйрену. Ә. Еспаев, Ә.Дүйсенбиевтің Ақ тайлақ әнін үйрету
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа сабақ түйенің әнін үйрену. Ә. Еспаев, Ә. Дүйсенбиевтің сөзі мен әніне жазылған Ақ тайлақ әнін оқушыларға толық үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың төрт түлік туралы түсінігін кеңейте отырып, қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өнерді сүйе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, нота, ойын, элементтері, тірек – сызба, жыл мезгілдерінің суреттері, маска және Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, математика, ана тілі.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Үй тапсырмасын тексеру. Үйге жылқының әнін айту.
II. Өткен сабақ.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Сұрақ: 1. Балалар жылқы несімен мақтанып тұр?
2. Жылқыдан нелер алынады?
III. Жаңа сабақ:
Сөз жұмбақ шешу. Ерекше торкөзден Түйе сөзі шығады.
- Олай болса, балалар, бүгін біз тағы бір жыл басына таласқан хайуанаттардың бірі түйемен, оның адамға тигізер пайдасымен танысамыз.
(жаңа сабақ туралы түсінік)
Сергіту сәті:
Мәнерлеп өлең оқып шығамын. Ана тілі сабағымен байланысын аша отырып, тізбектеп те оқытылады, хормен бір рет оқытылады. Маска киіп ортаға (жылқы, сиыр, түйе шығады)
Сұрақ:
- Балалар, бізге нота не үшін керек?
Жауап:
- Олай болса, балалар, біз Ә. Еспаев пен Ә. Дүйсенбиевтің әнімен жазылған Ақ тайлақ әнін үйренеміз.
1. Бір рет мәнерлеп оқып беремін.
2. Әуенмен қосып орындап беремін.
3. Бас әрпімен айтқызамын.
Сұрақ:
1. Әнде не туралы жазылған?
Жауап:
Нота сауаттылығы. Математика сабағын байланыстыра отырып.
- Ал енді, балалар, жылқы мен түйенің ортақ қасиетін табайық.
Сонымен балалар, бүгін біз жыл басына таласқан хайуанаттың бірі түйенің әнімен таныстық және Ә. Еспаев, Ә. Дүйсенбиевтің әнімен сөзіне жазылған Ақ тайлақ әнін үйрендік.

IV. Сабақты қорыту:
- Біз ән сабағында тек ән айтып қана қоймай басқа пәндер сияқты қосымша сұрақтар оқимыз. Ол үшін мен қазір сіздердің білімдеріңізді тест бойынша тексеремін.
Сұрақ:
- Балалар, өздерің ана тілінен, журналдардан жаттап жүрген түйе туралы тақпақ, мақал - мәтелдер білесіңдер?
V. Үйге тапсырма. Әнді үйден сазымен жаттап келу.
VI. Бағалау, мадақтау


Скачать


zharar.kz