Көміртегі және оның қосылыстары (9 сынып)
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: Оқушыларға көміртектің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы, химиялық, физикалық қасиеттері, ашылу тарихы, қолданылуы, аллотропиялық түрөзгерісі туралы түсінік беру.
Оқушылардың басым бөлігі: Көміртектің ПЖ орны, атом құрылысы, табиғатта кездеуі мен таралуына сипаттама береді
Кейбір оқушылар: Аллотропиялық түр өзгерістерін, оның маңызын, қолданылуын біледі.
Басталуы 2 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастыру.
Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері арқылы топқа бөлу.
Бағалау парақшасын таратып беру.
Үй тапсырмасын сұрау.
I. Кім жылдам?
1. Азот тыңайтқыштарының маңызы.
2. Фосфор тыңайтқыштарының маңызы.
3. Калий тыңайтқыштарының маңызы.
4. Органикалық тыңайтқыштарға нені жатқызуға болады?
5. Елімізде тыңайтқыш өндірістері қай қалаларда орналасқан?
6. Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар
алудың негізін қалаған Қазақстандық ғалым, академик...
7. Преципитат дегеніміз не?
8. Мына қосылыстардағы фосфордың тотығу дәрежесі қандай: P2O5, PH3, K3PO4, PCl3, Ca3P2, HPO4;
Қызылорда қаласы,
№"101 мектеп - лицейінің химия пәні мұғалімімін
Арыстанова Ақерке Қазыбайқызы