Бүгінгі бастағалы отырған Информатика және біз атты сайысқа қош келдіңіздер

Скачать

Тақырыбы: Информатика және біз атты сайыс
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютерде ақпарат жаңалықтарын пайдалана отырып, информатикалық білімдерін, ой-өрісін танымдық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интеллектісін дамыту.
Тәрбиелік: Бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған Информатика және біз атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н. А. Рубакиннің Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.
2 - жүргізуші:
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.
1 - жүргізуші:
Әлемді елестетіп көзімізге
Әрлендіріп бал қосайық сөзімізге
Турасын шешіп, тауып айтар
Әділқазыларды шақырайық төрімізге!
2 - жүргізуші: Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан табылады,
Нақты білім терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
2 - жүргізуші:
Информатика сырлары,
Қызықтырды біздерді
Ойынға қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - деп, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.

I - тур: Өзге емес, өзім айтам өз жайымды (таныстыру)
1 - жүргізуші:
Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
2 - жүргізуші:
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді,- дей келе Өзге емес, өзім айтам өз жайымды сайысына береміз.(екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)

II - тур. Кім жүйрік (сұрақтар)
2 - жүргізуші: Кезекті сайыста біздің сайыскерлеріміз сұрақтарға қалай жауап береді екен, сұрақ қойып сынап көрейік. Алдарыңызда Ғажайып алаңы :

III тур. Кім алғыр (тапсырмалар орындау )
1 - жүргізуші:
Сайыскерлеріміз қазір компьютердегі қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып тапсырма орындайды. Тапсырманы қай топ жылдам әрі сапалы орындайды екен. Топтағы барлық адам қатысуға тиіс.
1 - тапсырма: (3 мин уақыт)
2 - тапсырма: (3 мин уақыт)
2 - жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміз тапсырмасын орындап болғанша көрермендермен ойын ойнайық. Қане кім жылдам жауап береді екен.(слайд)

IV - тур. Кім епті (сәйкестікті табу)
2 - жүргізуші: Енді Кім епті сайысына да кезек келді. Сайыскерлеріміздің ептілігін сынап көрейік. Сәйкестікке берілетін сұрақтар, мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.

V - тур. Қимылдар сөйлейді
1 - жүргізуші: Екі топ бір – біріне информатикаға байланысты сұрақтарын қимыл арқылы көрсетеді. Екінші топ соны тауып айтады.
VI - тур. Капитандар сайысы

2 - жүргізуші:
Ең қиыны жарыстың енді келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді - деп, келесі кезеңіміз топ басшылар сайысы. Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Алдарыңыздағы әріптері ауысып кеткен терминдерді жылдам тауып, қалпына келтіріп жазу керек.


Скачать


zharar.kz