Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі: Маханова Динара Рысбекқызы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімнің аты: Математика
Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 3 саны мен цифрымен таныстыру. Заттарды санауға машықтандыру, 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету.
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру, тиянақтылыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларды заттың санын сәйкестендіре білу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірмелі материалдар
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оку - құралдарын түгендеу.
Зейіндерін сабаққа аудару.
Жемістер терейік ойыны
1. Тура және кері санап шық. 0 1 2 2 1 0
2. Бұл қандай таңба? +
3. - таңбасы туралы не білесің?
4. +,-,= таңбалары не үшін керек?
5. 0 саны мен цифры нені білдіреді?
6. 2 санына байланысты не білесің?
7. Қандай фигураларды білесің?
8. 1 және 2 қайсысы үлкен, қайсысы кіші
9. Бақытта 2 шие бар еді. Ол біреуін Раминаға берді. Бақытта неше шие қалды?
Ұйымдастыру - ізденушілік Кім тапқыр? ойыны
Шарты: Балалар суретте берілген заттардың санын табады. (бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын табады)
Суреттер сөйлейді
(суреттер арқылы 3 саны мен цифрын түсіндіру)
Жұмбақ есеп
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 2 туысын,
Ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (3)
Мұз айдында 1 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(3)
- 3 саны неге ұқсайды?
- 3 санына байланысты өлеңдер оқу.
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау
- 3 санын ауада, тақтаға жазғызу
Жұптық тапсырма
1 - жұп
Қай заттар үштен? Қоршап сыз.
2 - жұп
Суреттерді цифрмен сәйкестендіріп, сызықпен қосу
3 - жұп
Суреттерді салыстыр
4 - жұп
Санын тап
5 - жұп
Көршісін тап
Сергіту сәті
Зимная физминутка
Кері байланыстылық -
түзетушілік
Микии Маус волейболист ойыны
(есептер шығару)
- Қандай санмен таныстық?
- Үш саны неше бірліктен тұрады?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 3 цифры мен санын
Қандай түсініктерді игерді: 3 цифрының жазылуы туралы түсінікті
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үш заттан тұратын топты табады.