Құттықтаймын мама, туған күніңмен

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында
"Айгөлек" бала-бақшасының тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Келді, көктем құлпырып

Зал іші көктем мерекесіне сай безендірілген. Көңілді әуен ырғағымен бір ұл, бір қыз бала залға кіреді.
Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған балалар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері!
Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни Қарақия тобының сіздерге арнаған Келді, көктем құлпырып! атты ертеңгілігін тамашалаңыздар!

Ән: Құттықтаймын мама, туған күніңмен! орындайтын хор.
Осы кезде залға ән салып, Көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!

Жүргізуші: Көктем, біздің балалардың бәрі де әдемі, ақылды, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі, олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға
тартпақшы.
Көктем: Иә, бүгін көңілді мереке. Мен де әжемді мерекесімен құттықтауым
керек. Бірақ әуелі мына әдемі, сүйкімді балалармен билегім келіп тұр.

Би: Көбелектер .

Жүргізуші: Сұлу Көктем, сізде керемет биші екенсіз. Енді, біздің балақайлар сізге арнаған тақпақтарын айтып берсін.

Батыр: Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.

Нұрсая: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Ән: Апам үшін орындайтын Әмірқызы Алтынай.
Жүргізуші: Аяулы асыл аналарымызға арнаған тақпақтарға кезек берейік!

Айсұлу: Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.

Есет: Бәрімізге анасың,
Бізге күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, Анашым!

Алтынай: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын, теңдік алған,
Қуанышты мерекең.

Жүргізуші: Осы залдағы бәрімізде сәбилік шақты басымыздан кешірдік. Бір сәт сол сәбилік шағымыздың естелігі ретінде, Сәбиімізді
тамақтандырайық ойынын тамашалайық. Ортада аналар тобы.
Жүргізуші: Рахмет, аналар! Сәбилеріңіздің жүрекжарды тақпақтарына кезек берейік.


Скачать


zharar.kz