Суреттерді көрсетіп мынау кім

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Әлеуметтік
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Отбасы (сурет бойынша)
Мақсаты: Б.м: балалардың отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау.
Д.м: Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету. Олардың ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.
Т.м: Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойын, пікірін жеткізе білуге баулу.
Сөздік жұмыс: қарындас, сіңлі, іні, әпке, апа
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Бала әрекеті
Мотивациялық оятушылық
Тәрбиеші балаларды Мейірім сыйлаймыз атты шаттық шеңберге тұрғызады

Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Айналаға, бар адамға
Тек, мейірім сыйлаймыз

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Отбасы туралы әңгіме жүргізу.
- Мынау не?
- Балабақшада не бар?
- Балабақшада кімдер жұмыс істейді?
- Ал, үйдің отбасы мүшелерін атайық?
Суреттерді көрсетіп мынау кім ? дидактикалық ойынын ойнау.
Көрсеткен суреттерді іліп қойып, балалардың көздерін жұмып кім жоқ ? деген сұрақтарға жауап сұралады
- Балалар үйден әкелген суреттерімен өз отбасылары туралы әңгімелейді.
- Атың кім?
- Сенің ағаң бар ма?
- Сенің әпкең бар ма?
- Сен қай балабақшаға келесің?
1 бала тақпақ айтады, кім туралы екенін табу керек.
Менің әжем, ер әжем
Мінезі өте жәйлі әжем
Тірек болып жүр әжем
Әрқашанда қасымда
2 бала: Бақшасында балалар
Іні, әпке, аға бар
Ойыншықтар көп онда
Машина, ат, түйе бар
- Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдердің аттары бар?
- Әже туралы не дейді?
- Әжең үйге қандай көмек береді?
- Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің?
- Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?
- Қ.Күзембайдың Осындай біздің отбасы деген өлеңін тәрбиеші оқып береді.
- Сендер өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер?
- Әр қайсыңның отбасында неше адам бар?
- Әкеңнің, анаңның, әжеңнің, атаңның есімдері кім?
- Сендердің неше аға, әпкелерің бар?
- Сендердің қайсыларың үлкен, ал қайсыларың кіші?
- Сергіту сәті: Бас бармақ –әкем
Балаң үйрек-шешем
Ортан терек-апам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз
- Балалар, отбасы мүшелері туралы өздері жаттаған тақпақтарын айтып береді
Ата-әжеміз, әке-шешеміз қандай жылы сөздер айтып еркелетеді?

-Сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?
Адамдар
-Ата, әже, әке, ана, аға

-3-4 баладан сұралады
Балалардың жауабы
Ол әже

-Аға, әпке, іні

Балалар қалауы бойынша әңгімелейді
Балалар бірге айтады
1, 2, 3 баладан сұралады
Құлыным, ботақаным, жаным, күнім, қошақаным

Бақытты болсын!
Отбасы тату болсын!
Бір-бірін ренжітпесін!
Сыйласын!
Рефлексивті түзетушілік
Ұ.о.іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
- Ата, апамен қалай дұрыс амандасуға болады?
- Әкең мен анаң саған риза болып қуануы үшін, не істеуің керек?
Балалардың жауабы
Күтілетін нәтиеже:

Нені біледі: Отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым қатынас жасауды білді
Білуі керек: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, дұрыс сәлемдесуді білуі керек
Түсіне біледі: Отбасына деген жылы сөздер айтуды, мейірімді, адал болуды


Скачать


zharar.kz