Ақмола облысы, Ерейментау ауданы.
биология пәні мұғалімі
Мукашева Айнур Жакияновна
Сабақ тақырыбы: Қаңқа бөлімдері
Сабақ мақсаты:
1. Қаңқаның атқаратын қызметін, тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қасиеті туралы мағлұмат беру;
2. Бас қаңқасы, дене қаңқасы, кеуде қуысы, иық белдеуі, қолдың еркін қозғалу қаңқасы құрылысы мен атқаратын қызметіне тоқталып тереңірек түсінік беру;
3. Адам үшін қаңқа бөлімдерінің маңызын, омыртқа жотасының атқаратын қызметіне тоқталып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Әдісі: тест, сұрақ - жауап, баяндау, пікір алмасу
Көрнекілік: интерактивті тақта, скелет, карточкалар, тест тапсырмалары, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: химия, медицина
Барысы:
І. Ұйымдастыру:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды үш топқа бөлу
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Ү бөлім. Анализаторлар – сезім мүшелері қорытындылау.
- Оқушылар, бүгін сіздермен бір тарауды, яғни анализаторлар - сезім мүшелерін аяқтап жаңа тарау бастағалы тұрмыз. Үйде осы тарауды қайталап келуді тапсырған болатынмын.
Анализаторлар, яғни сезім мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
- көру мүшесі
- есту мүшесі
- тепе - теңдік мүшесі
- тері сезімі
- бұлшықет сезімі
- дәм сезу мүшесі
- иіс сезу мүшесі
1. Тест тапсырмаларын орындайық:
1. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден қанша пайыздан көп ақпарат алады?
А) 70%
В) 80%
С) 90%
Д) 100%
Е) 10%
2. Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады?
А) ақ қабық, тамырлы, тор қабық
В) тамырлы қабық пен нұрлы қабық
С) қарашық пен қасаң қабық
Д) көзбұршақ пен қарашық
3. Көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді
А) ақ қабық
В) тамырлы қабы
С) тор қабық
Д) нұрлы қабық
Е) қасаң қабық
4. көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер қалай аталады?
А) қарашық В) соқыр дақ С) сары дақ Д) шыны тәрізді дене
Е) таяқшалар мен құтышалар
5. көздің ішкі бөлігі мына затпен толтырылған:
А) таяқшалар
В) құтышалар
С) шыны тәрізді дене
Д) көзбұршақ
Е) тер қабық
6. жартылай иірім өзектері немесе шытырман құлақтың қай бөлігінде орналасқан?
А) сыртқы құлақ
В) ортаңғы құлақ
С) ішкі құлақ
Д) вестибула аппаратында
7. тепе – теңдік мүшесі, ол:
А) вестибула аппараты
В) рецептор
С) аккомодация
Д) адаптация
8. саусақ, тілдің ұшында, ерінде қандай рецепторлар көп болады?
А) есту
В) көру
С) иіс сезу
Д) сипап сезу
Е) барлығы дұрыс
9. есту жолының түбінде қандай бездер бар?
А) сілекей бөлетін
В) құлық бөлетін
С) зәр бөлетін
Д) тер бөлетін
10. тілдің ұшы қандай дәм сезеді?
А) тәтті
В) қышқыл
С) ащы
Д) тұзды
Е) дәм сезбейді
2 - тапсырма. Интерактивті тақтаға қараймыз, мұнда бес ұяшық көрсетілген әр ұяшықта сұрақтар бар. Бір ұяшықты таңдаймыз.
Көру мүшесі бойынша:
А) көздің қосымша мүшелері (қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшелері, көзді қимылдататын бұлшықеттер)
Ә) жарықты өткізетін қабық (қасаң қабық)
Б) көздің тор қабығындағы жарыққа сезімтал рецепторлар (құтышалар мен таяқшалар)
В) көзді зақымданудан қалай сақтау керек?
Есту мүшесі
А) есту мүшесінің бөліктері (сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ)
Ә) есту сүйекшелеріне не жатады? (балғашық, үзенгі, төстік)
Б) вестибула аппараты құлақтың қай бөлімінде орналасқан? (ішкі құлақ)
В) есту мүшесінің гигиенасы
Тері сезімі
А) тері сыртқы ортамен қалай жанасады? (тікелей)
Ә) жылу мен суықты сезетін рецепторлар қайда орналасады? (бетте және ерінде)
Б) сипап сезу мүшесі, бұл кімдерде жақсы дамиды (соқыр адамда)
В) терідегі ауырсыну рецепторларының саны
(1см2 - да 100 ауырсыну рецепторы бар)
Иіс сезімі
А) иіс сезу рецепторларының қызметі бұзылмау үшін адам не істеу қажет?
Ә) иіс сезу мүшесі қайда орналасқан? (мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында)
Б) иіс сезу рецепторларының пішіні қандай? (түйреуіш тәрізді)
В) иіс сезу қабілетінің жойылуынан қандай сезім мүшесі нашарлайды? (Дәм сезу)
Дәм сезу
А) дәм сезу бүртіктері қандай дәм сезеді? (ащы, қышқыл, тәтті, тұзды)
Ә) тілдің ұшы қандай дәм сезеді? (тәтті)
Б) ауызға түскен құрғақ тағамды ерітетін сұйықтық (сілекей)
В) тілдің бүйір шеті қандай дәмді сезеді? (қышқыл)
ІІІ. Жаңа тақырып:
§23. Қаңқа бөлімдері
Адам қаңқасы 200 - ден астам сүйектерден тұрады. Әрбір сүйектің пішіні, мөлшері және қаңқадағы орны болады. Бас қаңқасы – бас сүйек екі: ми және бет бөлігінен тұрады. Ми бас сүйегінің сүйектері – маңдай, шүйде, жұп самай және төбе сүйектері өзара берік байланысқан. Олар миды қорғайды. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар. бұл жерде ми мен жұлын жалғасады. Сүйектегі көптеген майда тесіктер арқылы жүйкелер мен қантамырлары өтеді. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын үстіңгі және қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері құрайды. Жақ сүйектерінде тістер орналасқан. Бұл қаңқаның бірден бір жалаң бөлігі болып табылады. Тіс түбірі жақ сүйегіндегі ұяда терең орналасқан, сондықтан олар берік бекиді.