Картадан көрсетіңіздер

Скачать

География 6 - сынып

Тақырыбы: Гидросфера (қорытынды сабақ).
Мақсаты: 1. Оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың білімін тереңдету.
2. таным белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуіне көңіл бөлу
3. халық арасындағы суға байланысты шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, тиым сөздерді қолдану нәтижесінде жас ұрпақты табиғатты қорғауға баулу.
Әдісі: топтастыру, кубизм, ой толғау стратегияларын қолданып, әдебиет, қазақ тілі пәндермен байланыстырады, жарыс - сайыс сабағы.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру
б) кубизм стратегиясы бойынша сұрап, бағалау.
Гидросфера тақырыбында өтілген білімді жүйелеп қорытындылауға арналған бұл сайыс сабақта оқушылардың ойлау белсенділігіне, өз бетінше ізденуіне көп көңіл бөлінеді. Сынып оқушылары екі ауылға бөлінеді.
1 – ауыл - Байдалы би
2 - ауыл - Сәкен Сейфуллин

1-кезең - Ғұламалар сайысы
Байдалы би ауылына берілетін сұрақтар.
1. Арал деген не? Картадан бірнеше аралдарды көрсетіңіздер.
2. Ең үлкен мұхитты атаңыздар және картадан көрсетіңіздер.
3. Бұғаз деген не? Бірнеше бұғазды картадан көрсетіңіздер.

Сәкен Сейфуллин ауылына берілетін сұрақтар:
1. Түбек деген не? Картадан көрсетіңіздер.
2. Теңіз деген не? Картадан көрсетіңіздер.
3. Барлық мұхиттарды картадан көрсетіңіздер.

2-кезең - Бейнесіне қарап тап ойыны.
Суретте бейнеленген теңіз, көл, өзендерді табу керек.

3-кезең - Сұрақтар
Байдалы би ауылына берілген сұрақтар.
1. Ең үлкен көлді атаңыз.
2. Қай көлдің жағасында үш дүние бөліктің халқы балық аулайды.
3. Қай өзеннің бойында сегіз мемлекет орналасқан
Сәкен Сейфуллин ауылына берілетін сұрақтар.
1. Дүние жүзіндегі ең терең көлді атаңыз
2. Ең биік көлді атаңыз.
3. Қай теңізде малту білмейтін адам да батпайды?

4 - кезең – Теңіздерге саяхат
Байдалы би ауылы
Мурманскіден Дежнев мүйісіне дейін саяхат жасайды.
Сәкен Сейфуллин ауылы
Дежнев мүйісінен Владивостокқа дейін саяхат жасайды.

5 - кезең – Мен - өзен ойыны
1. Мен – Сырдария өзенімін, қайда барып құямын? Оқушылар Аралға барып құятынын айтты.
2. Мен – Ертіс өзенімін, қайда барып құямын? Оқушылар Ертіс өзені Обь өзеніне барып құятынын айтты, ал екі ауылдан екі оқушы шығып өзендерді картадан көрсетті.

6 - кезең – Алтын кілт ойыны
Дорбаға салынған нөмірленген кілттердегі сұрақтар:
1. Гидросфера деген не?
2. Жылы ағыстарды көрсетіңіз?
3. Өзеннің бастауы деген не?
4. Жан - жағын мұхит, теңіз қоршаған үлкен құрлықты не деп атайды?
5. Суық ағыстарды көрсетіңіз?
6. Цунами деген не?
Екі топтан оқушылар кезек - кезек кілт алып жауап берді.

7 - кезең – Кезбе жұлдыз ойыны
Тақтаға қалталары бар плакат ілінді. Карталарда аты жазылмаған материктердің суреті салынған. әр ауылдан бір - бір оқушы шығып, өзен көлдің аттары жазылған үлестірмелерді қай материкке жататынын тауып, сол қалтаға салады. Қай ауылдың оқушысында көп үлестірме жиналса, сол топ оқушылары жеңіске жетеді.

8 - кезең – Жұмбақтар, мақал - мәтел жарысы
Екі ауыл бір - біріне су, өзен туралы жұмбақтар жасырып жарысады. Сондай – ақ суға байланысты мақалдар айтылады.
Мысалы: Қар көп болса, егін мол болады
Су - әке, жер - шеше .
Сайысты әр мұғалім өз ізденісіне қарай толықтырып өзгерте алады.


Скачать


zharar.kz