Сөз таптарын ата

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Асем Карбаевна

Сабақтың тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Ақыл, ой - өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар бір - біріне тілектерін айтады.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!
2 а сыныбында өтетін Не? Қайда? Қашан?
атты интеллектуалды ойынға қош келіпсіздер.
Бүгінгі күн ерекше.
Бастаймыз біз қуана.
Интеллектуалды ойын кешіне.
Келіпті бүгін алғырлар.- деп 2 а сыныбын ортаға шақырайық.
Интеллектуалды ойын кешіне.
Келіпті бүгін алғырлар.
Әділ баға сұрайды.
Сіздерден әділ - қазылар.
(әділ - қазылар алқасымен таныстыру) – 5 баллдық жүйемен бағалайды.

а) Сәлемдесу.
Әр топ өз атымен, ұранымен таныстырады.

б) Ойынның ережесімен таныстыру. 30 секунд уақыт беріледі.
Дайын болған топ жалаушаны көтереді.
Ойынымызды бастайық.
Әр пәннен 5 сұрақтан.

Математика пәнінен:
1 - сұрақ. Ұзындық бірліктерін ата.
2 - сұрақ. Оңынан оқысаң да - сол сан.
Солынан оқысаң да – сол сан.
Ол қандай екі таңбалы сан?
2. Сұрақ. Тік төртбұрыштың қасиеті қандай?
3. Сұрақ. Қандай бұрыштар болады?
4. Қабырғалары 5 дм шаршының периметрін тап.
5. Қызықты есеп:

Музыкалық номер.

Ана тілі пәнінен:
1. Қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
2. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем.
Мен оның құдіретті үнін сүйем. – Кімнің және қай өлеңі?
3. Аңыз дегеніміз не?
4. Киіз үй туралы не білесің?
5. Қазақ батырларын ата.

Сергіту сәті.
Қазақ тілі пәнінен.
1. Сөйлемнің түрлерін ата.
2. Егер Т - дан бастасаң.
- Санмын.
Т – ны алып тастасаң.
- Жаумын.
3. Сөз құрамына талда дегеніміз не?
4. Сөз таптарын ата.
5. Көктем тақырыбына мәтін құр.

Көрініс: Алтын балық.

Дүниетану пәнінен.
1. Табиғат түрлерін ата.
2. Көкжиек тұстарын ата.
3. Қызыл кітап дегеніміз не?
4. Шығармашылық тапсырма: Табиғатты қорғау. Қорғау.
5. Туған жер, Отан туралы тақпақ, мақал - мәтелдерді айту.

Музыкалық номер.
Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Келгендеріңізге, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.


Скачать


zharar.kz