Ұйымдастырылған іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым
Мақсаты: мысық, мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
Білімділігі: сөздік қорын молайту, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылығы: ұсақ қол моторикасы, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: мысық қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: монтиссори технологиясы, әңгімелесу, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: мысық бейнеленген суреттер, қыстырғыш, қорапша.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
Шаттық шеңбері
Армысың асыл күнім,
Армысың асыл жерім,
Армысың асыл досым.
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар қыз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Балалар үй жануарларына не жатады?
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Рефлекция
(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою.)
Кіріспе әңгіме
- Мынау не балалар?
- Ал балалар мынау мысық және мысықтың баласы - марғау.
- Кәне, балалар қайталап айтайықшы?
Тосын сәт: есік қағылды.
Болжам стратегиясы.
Әдемі қорап тұр екен.
- Балалар мына әдемі қорапты кім әкелді деп ойлайсыңдар?
- Балалар қалай ойлайсыңдар, бұның ішінде не бар екен?
Көңілді әуен ойналып, сүйкімді мысық шығады.
- Балалар бізге қонаққа сүйкімді мысық келіпті.
- Балалар мысық үй жануарына жатады. Оның түсі ақ, сары, қара болады. Мысықтың 2 көзі, 2 құлағы, құйрығы, мұрны, мұрты, 4 аяғы бар. Жүні жұмсақ. Кәне сипайықшы.
- Балалар мысық сүт ішеді, балық және тышқанды жейді.