Сабақтың түрлері

Скачать

Биология 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктің сабағы және оның түрлері, түрі өзгерген сабақтар туралы мағлұматтар беру, сабақтың құрылысы туралы жалпы түсінік беру.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерің жалғастырып тұратын орталық тірек.
Атқаратын қызметтері:
- Сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді
- Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады
- Органикалық заттар қорға жиналады
- Көбеюге қатысады

Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.
Сабақтың түрлері: Тік сабақты;
Жатаған сабақтар - Желі сабақ өте әлсіз жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып, топыраққа тиген жерінен қосалқы тамырлар дамиды.
Шырмалғыш сабақтар - Нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі.
Қысқарған сабақтар - Өсімдіктердің сабағы өте қысқа.
Өрмелегіш сабақтар - Мұртшасы, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі.

Сабақтың ішкі құрылысы:
Қабық
Камбий
Сүрек
Өзек
Өң (ішке күн сәулесі өткізеді)
Тоз (ішке оттегін өткізеді)
Тін (беріктік, мықтылық, қасиет береді)

Сабақтың жуандап өсуі
Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуімен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер немесе жылдық қабат деп те атайды.

№10 жалпы орта мектеп
Биология пәнінің мұғалімі: Жұмабаева Г. Б.
Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. жүктеу


Скачать


zharar.kz