Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықтың өлшем бірліктері (слайд)
Мақсаты:
1. Оқушыларға ұзындықтың өлшем бірліктері туралы көрнекілік әдісін қолдана отыра түсінік беру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды дәптерде және тақтада дұрыс жазу ережесіне үйрету.

Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.

Қостанай қаласына саяхат жасау
Ұзындықтың өлшем бірліктері:
1 см = 10 мм
1 м = 100 см
1 м = 10 дм
1 дм = 10 см
1 км = 1000 м

Қазақша ұзындық өлшем бірліктері:
Құлаш - 1, 80 м
Аршын - 75 см
Кез - 50 см
Қарыс - 20 – 22 см
Сүйем - 17 – 18 см
Сынық сүйем - 14 – 15 см
Сере - 10 - 12 см
Тұтам - 8 - 10 см
Елі - 1, 5 см

Сызбаға қарай отырып сұрақтарға жауап бер:
----------------------
 Глазунов Талапкер арақашықтығы қанша км?
 Талапкерден Затоболға дейінгі арақашықтық қанша км?
 Егер біздің автобус Рыспайдан шығатын болса, Қостанайға дейін қанша км жүреміз?
 Егер автобус Осинов ауылы арқылы Қостанайға баратын болса қанша км жол жүреміз?

1 – тапсырма:
№3 есеп.
Туристер бірінші күні 12 км, екінші күні бірінші күнге қарағанда 40 км артық жүрді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күндері қанша жүрес, сонша жол жүрді. Жолдың үшінші күнінде туристер неше километр жүріп өтті?

2 - тапсырма: Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік тұр, еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолыңды оң жаққа, жай сол қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр қиналмай, екі шеңбер сызғандай.
Сәл тынығып байқа да, үш - төрт рет қайтала!

Ойын Жол жиектеріне ағаш отырғызу Ойынның шарты: 1 өрнекті есептеп болса, ағашты жол жиегіне апару.

№4 есеп.
Сызба бойынша өрнек құрастыр.
48 – 8 =? + 6 =?
55 – 17=? + 6 =?
Ойын: Жолды тазарту
Ойынның шарты: әр оқушы 2 өрнекті бағандап есеп шығару арқылы жол үстінде шашылған қоқыстарды жою.

№5 есеп
Өрнектерді баған бойынша шығар.

№6 есеп. Салыстыру
6 дм 8 см * 60 см
52 см * 5 дм 1 см
11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг
31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг
1 м * 80 см
10 дм * 1 м
19кг + 18 кг * 15кг + 17 кг
59 кг – 9 кг * 50 кг
Бағалау


Скачать


zharar.kz