Түсінік хат
Бұл бағдарлама 7 - сынып оқушыларына қазақ тілінен грамматикалық талдауды жүйелі түрде жасауға үйрету үшін құрастырылған. Жүйелі түрде жүргізілген талдаудан, алдымен, оқушының қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анықталады, талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.
Төменде ұсынылып отырған талдау үлгілері оқушылардың білімін шыңдауға мүмкіндік береді.
Бағдарламада тілдің грамматикалық құрылысы деңгейіне, морфология мен синтаксис мәселелеріне қатысты талдаулар қамтылып отыр. Морфология саласы бойынша алынған білім мен іскерлік - дағдылар синтаксис бойынша алынатын теориялық білімге негіз болады, қызмет етеді. Морфология саласы бойынша білімінде ақауы бар шәкірт синтаксистік талдау үлгілеріне толық талдау жасай алмайды. Сондықтан синтаксистік талдаулар жасатпас бұрын морфология бойынша білімді қажетті деңгейге жеткізіп тиянақтап алған дұрыс.
7 - сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;