Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Студенттермен сәлемдесу, сабаққа қатысуын тексеру. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгелдеу.
2 Үй тапсырмасын тексеру (13 минут)
Қазақстаннан Еуропа елдеріне саяхатымызды жалғастырамыз.
Графикалық диктант
1. Еуропаның өнеркәсібіндегі ең жетекші сала - машина жасау
2. Еуропада машина жасаудан кейінгі жетекші сала - түсті металлургия
3. Еуропада Үлкен жетілікке кіретін төрт ел орналасқан
4. Германия мен Ұлыбританияда көмір өндіру мүлдем тоқтатылды
5. Үлкен жетілікке сегіз ел кіреді
6. Қазір аймақтағы АЭС - тер саны 80 - ге таяу
7. Дүние жүзіндегі туристер ең көп баратын ел Франция
8. Шығыс Еуропаны бұрын социалистік жүйеде болған елдер алып жатыр
9. Дүние жүзіндегі аса ірі 200 банктің 100 - ден астамы Еуропада орналасқан
10. 2002 жылы 1 қаңтарда - еуро айналымға енгізілді
1. + дұрыс
2. - дұрыс емес
3. Бағалау: 5 - 9 - 10, 4 - 6 - 8, 3 - 4 - 5, 2 - 0 - 3
Ендігі кезекте, Батыс Еуропа елдерінің ең дамыған мемлекетінің бірі Германия Федеративтік Республикасына сапар шегеміз.
Карточкалық сұрақтар:
ГФР - ның астанасы? (Берлин қаласы әйгілі Бранденбург қақпасы )
Германияның экономикалық - географиялық жағдайы? (Шығыс Еуропа елдері аралығында, құрлық, әуе жолдарының тоғысында орналасқан орналасқан, Балтық, Солтүстік теңіздермен шектеседі)
Германия аумағының құрамы? (16 - ты әкімшілік (федералдық) жерден тұрады)
Германияның табиғат ресурстары? (таскөмір, қоңыр көмір, табиғи газ, калий тұзы мен құрылыс материалдар қоры)
Мемлекеттік құрылымы? (федерациялық республика)
Халқының саны жөнінен Батыс Еуропада нешінші орында? (80, 9 млн адам, 1 - орында)
Халықтың негізгі құрамын немістер құрайды? (92 %)
Жеңіл автомобиль жасаудан дүниежүзінде нешінші орында? (Жапония, АҚШ - тан кейінгі 3 - орында)
Германияның автомобиль астанасы? (Вольфсбург)
Кеме жасаудан (жүк сыйымдылығы бойынша) нешінші орында? (Жапония мен Корея Республикасынан кейінгі 3 - орында)
Германияны неге химиялық держава деп атайды? (химия өнеркәсібінің күшті дамуына байланысты)
Ауылшаруашылығының жетекші саласы? (мал шаруашылығы)
Картамен жұмыс
1. Картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтау, көрсету.
Польша, Чехия, Австрия, Швейцария, Франция, Бельгия, Нидерланд, Дания
2. Аса ірі қалаларын картадан тауып көрсету: Берлин, Гамбург, Мюнхен, Кельн
Жаңа тақырыбымызда Дүниежүзілік Үлкен жетілік , яғни экономикасы жоғары дәрежеде дамыған Ұлыбританияға саяхатқа шығамыз. Саяхат нәтижесінде Ұлыбританиямен шекараласатын елдердің шекарасында, ірі қалаларында, королева Елизавета резиденциясында, парламент үйінде, өндіріс орындарында боламыз.
Ұлыбритания. жүктеу