Балалардың жауапттары

Скачать

Азық - түлік. Дәрумендер
Тақырыбы: Азық - түлік. Дәрумендер
Білім беру саласы:"Денсаулық"
Оқу іс - әрекеті:" Валеология".
Мақсаты: Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Тәрбиеші: "Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы" — дегендей сәлемдесіп алайық.
Тәрбиеші: "Қайырлы таң, балалар!"

Балалар: Қайырлы таң, Құралай апай!
Қайырлы таң құрметті қонақтар!
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.
Балаларға жыл мезгілі туралы сұрақтар қоямын.
Тәрбиеші:
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күз айларын атаңдаршы?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Бау - бақшада қандай өзгерістер болады?
- Бақшадғы жемістер, көкөністер барлығы піседі.
- Суықта тоңып, ауырып қалмас үшін не істеу керек?
- Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
Балалар сендер күз мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші:
- Балалар біз өткен сабақта не туралы өттік? Қане еске түсірейікші.
- Тамақтану мәдениеті туралы.
-"Тамақтану ережелері" дегеніміз не, балалар?
- Балалардың жауапттары.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Тамақтың құрамына не керек екен балалар?
- Балалардың жауаптары.(дәрумендер, тұз, су, май т. б.)
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз, балалар, дәрумендер.
- Ал, дәрумендерді қайдан аламыз?
— Көкөністерден, жеміс - жидектерден.
— Жемістер қайда өседі?
— Жеміс - жидектер ағаштарда өседі.
— Көкөністер қайда өседі?
— Бақшада өседі.
— Балалар бүгін біздің оқу іс - әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
— Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? көрсету
— Ал енді көкөністерді атаңдар?
— Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.
— Дәрумендердің А, В, С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы:
"А" дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
"В" дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
"С" дәрумені: қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
"Д" дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде.
Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

МКҚК Қызғалдақ бөбек жай - балабақшасы
Ақ көгершін ересектер тобынан
іс - тәжірибеден өткен тәрбиеші: Әміржанова М. С.
Азық - түлік. Дәрумендер. жүктеу


Скачать


zharar.kz