Геометрия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Параллелограмм ауданы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
• Тік төртбұрыштың ауданы туралы білімдерін қайталау арқылы бекіту.
• Параллелограмм ауданының формуласын қорытып шығару және осы формуланы есеп шығаруда қолдана білу.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды ойлауға, пайымдауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік:
• Өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
• Адамгершілік, жалпы адамзаттық құндылықты құрметтеуге, мейірімділікке, сөйлесудегі ізеттілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: Сарамандық
ІV. Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, параллелограмм макеті, компьютерлік презентация.
Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі,
2. Дайын сызбалармен ауызша есептеулер,
3. Практикалық жұмыс,
4. Теореманы дәлелдеу,
5. Есептер шығару,
6. Үйге тапсырма,
7. Сабақты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Дайын сызбалармен ауызша есептеулер (8 - 12слайдтар)
1. Фигураның ауданы ұғымының қандай аксиомаларын білесіңдер?
2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай есептейді?
3. Шаршының ауданы неге тең?
4. Тік төртбұрыштың қандай қасиеттерін білесіңдер?
5. Мына формадағы тұрғын үйдің ауданын табыңдар.
5. Бақшаның АВОСД бөлігіне картоп егілген. Оның ауданы 48. Барлық бақшаның ауданын табыңдар.
6. АВСД учаскесінің ауданы 50м2 - ге тең. Оның бір бөлігі жердің құнарсыздануына байланысты өнім бермейтін болғандықтан егесі өзінің учаскесінің формасын өзгертуді ұйғарды. Сонда АВҒ учаскесі пайда болды. Жаңа учаскенің ауданы қандай?
Мына екі фигураны салыстырыңдар және олардың аудандарын есептеңдер:
Бұл фигуралардың аудандары тең бе? (12слайд)
Бірінші фигура қандай фигура деп аталады?
Параллелограмның анықтамасын және оның қасиеттерін еске түсірейік.
Параллелограмның биіктігі
Параллелограмның ауданын есептеу үшін оның екі элементімен танысамыз. Параллелограмның бір қабырғасын табаны десек, осы табанға қарама - қарсы қабырғасының кез келген нүктесінен түсірілген перпендикуляр биіктігі деп аталады.
Параллелограмм ауданы жүктеу