Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Допты тор қасында көтерген соң шабуыл жасауды үйрету.
2. Көңілді эстафета
3. Ұлттық ойындар
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
Ұлттық мәдениетті бойында қалыптастырған, рухани жағынан жан - жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен, оның денсаулығын сақтау мен нығайтуды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды ойланған жөн. Ал, өмір салты деген не?
Өмір салты дегеніміз, бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіншіліктерін қарастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- Дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану арқылы организмді шынықтыру.
- Гигиеналық талаптарды сақтау
- Дұрыс және сапалы тамақтану
- Зиянды әдеттерден аулақ болу
Бұл мәселе дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне зор міндеттер жүктейді. Кез - келген ата - ана балаларының денсаулығы мықты, сымбатты, көрікті болғанын қалайды. Уақытын тиімді пайдаланып, спортпен тұрақты шұғылданатын бала денсаулығы мықты, сергек, оқуда да үнемі алда болады. Осы ретте мектептегі дене шынықтыру пәні бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан біздер, дене тәрбиесі мұғалімдері мектептегі әрбір оқушыны спортқа бейімдеп, қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыра білуіміз керек. Осы міндеттерді орындау үшін біздің мектебімізде де көптеген жұмыстар атқарылып отыр. Волейбол, күрес, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері нәтижелі жұмыс істеуде.