Бірігіңдер ғасыр дертін жоюға
Өз қолымен, қазған олар өз көрін,
Наша үшін, жастай қиған өмірін.
Халін көріп ұрпағының, ұлының,
Ата - ананың қайғы басқан көңілін.
Өмір менен денсаулықты улаған,
Құлы болды, асау аттай тулаған.
Ар – намысын аяқтарға таптатып,
Көңілдерін қара тұман жайлаған.
Тоқта, бауырым, спортпенен шұғылдан,
Биіктерден көріне біл тұғырдан.
Заңғардай бол, ақ бұлттармен алысқан.
Тұлпардай бол, асау желмен жарысқан.
Тағдырыңды ұстатпағын әзәзілдің қолына,
Жігеріңді жасытпай, қарсы тұрғын жолына.
Өрле биік, арман асқар шыңына,
Салауатты өмір салтын, серік етіп жаныңа.
Жақындама наша деген тажалға,
Жас өмірді итеретін ажалға.
Өз өмірің өз қолыңда, ей, достым!
Денсаулықтың қадірін біл, бағала!
Нашақорлық – ғасыр дерті, әлемді ол жайлаған
Аждаһадай еш аяусыз талай жанды жалмаған.
Полицейлер күреседі қиындықтан қашпаған.
Бұл індетті жоямыз - деп еш бір тыным таппаған.
Еліміздің тыныштығы, болсын әркез басты ұран
Қүресейік індетпенен кел, достарым, бос тұрман
Бірігіңдер ғасырдың бұл тағдыры үшін, аянбай
Келешекті сақтауда болайын мен де жан құрбан.
Мен өмірді қалаймын!
(қазақ жастарына жолдау)
Құрметті, Қазақ жастары!
Мен, өз жолдауымды Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз Мәңгілік! деген еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келеді. Менің бұл үндеуім ұлт тағдырына қатысты болмақ.
Менің жасым он үште. Мен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата алатын жастамын. Үнемі теледидардан жаңалықтарды қарап, газет - журналдардағы әлемде болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермеймін. Жаңалықтардан адам жаны түршігерлік қылмыстық оқиғаларды естігенде мен өзімнің, бауырларымның және әлемдегі барлық балалардың өмірі үшін алаңдаймын. Бізді ата – аналарымыз қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіреді, бірақ елімізде ата – ананың бақылауынсыз қалған балалар қаншама? Міне, осындай балалар қылмыскердің құрбаны болады немесе қылмыстың құлы болады.
Иә, әлемде қылмыстың түрі көп, соның ішінде ең ауыр қылмыс есірткі саудасы. Нашақорлық – ғасыр індеті дейміз. Сол індет біздің елімізден айналып өтпеді. Есірткі саудасы бізде де өршіп тұр. Әрине бұл орайда полиция қызметкерлері қалыс қалып жатқан жоқ. Олар көптеген наша саудасымен айналысатын жауыздарды құрықтауды.. Бірақ жеңіл ақша табуды көздейтін, арам тамақ қатыгездер, бұнымен тоқтар емес. Қулығына құрық бойламайтын әккі қылмыскерлердің өзін құрықтаса да, жеті басты айдаһар іспетті қайта шығады.
Құрметті, қазақ жастары!
Елдігімізді мәңгілік сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей адамдық қалпымыздан айнымайық. Зиянды заттардың өз денсаулығымызға, өмірімізге, отбасымызға, ата - анамызға, бүкіл қоғамға зиянын тигізетінін саналы түрде сезінейік. Болашағымызға балта шауып, әзәзілдің тұтануына, шарпыған қызыл оттай елімізді жайлауына, шала жанған ормандай қара түтінге бықсуына жол бермейік. Бықсыған орманды қайта қалпына келтіру үшін талай - талай жылдар қажет. Зиянды әдеттердің зияндылығы туралы біле тұра, саналы түрде оларды тұтынамыз. Бір сәттік ләззаттың жетегіне еріп, бүкіл өмірімізді ойран етеміз. Тәуелділік жаныңа жақын жүреді екен, бойыңа тез сіңіп алады. Таразының бір басында зиянды заттар тұса, екінші басында отбасы тұрады. Өкінішке орай тәуелділік отбасыңды таңдауға мұрша бермей, зиянды әдеттерге қол создырады. Тәуелділіктің құрығына түспей, жарқын болашағымызды, жарқын етіп, өмірімізді нұрлы етейік!
Құрметті, қазақ жастары!
Денсаулығың зор байлығың, сақта оны жасыңнан - демекші жастайымыздан спортпен шұғылданып, салауатты өмір сүруді ұсынамын. Ең ортақ алдын алу іс - шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеп, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу керек. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де баға жетпес байлық болып табылатындығын санаға сіңіру қажет. Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.
Бұқаралақ ақпарат құралдарынан есірткінің зиянды жақтарын көбірек көрсетіп, зиянды заттарды насихаттайтын жарнамаларды алып тастау керек. Салауатты өмір салтын насихаттайтын жарнамалармен ауыстырылса деймін.
Құрметті, Қазақ жастары! Сіз болып, біз болып, бүкіл қоғам болып ғасыр індетімен күрессек, біз оны жоя аламыз. Досы көпті жау алмайды дегендей тек бірігу арқылы біз мақсатымызға жетеміз. Мен болашағыма сенемін, мен жастарға сенемін! Мен өмірді қалаймын!