Жануарлар әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: аңдар туралы мәлімет беру. Оқушылардың білімдерін тереңдету, жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: сөздік қорды молайту арқылы байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту. Сауатты жазуды қадағалап, дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, интерактивті тақта, сөздіктер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Эпиграф:
Мал төлімен жарасар,
Жер гүлімен жарасар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, Күн!
Сәлеметсіз бе, Жер - ана!
Сәлеметсің бе, досым!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
Оқушыларды түгендеу. Сынып кезекшісімен сұхбат. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан даярлау.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Өзімізді ерекше таныстырайық. Мен мейірімді мұғаліммін.
- Мен ақылды Аринамы.
- Мен сүйікті Эдгармын.
- Мен әдепті Диаспын.
- Мен мықты Радикпын.
- Мен тиянақты Пашамын.
- Мен аяулы Викториямын.
- Мен айдарлы Андреймін.
- Мен айбынды Кириллмін.
- Мен көрікті Софьямын.
- Ақылды Арина, үйге қандай тапсырма берілді?
- Менің сүйікті спортшым тақырыбын әңгімелеу.
- Әдепті Диас, сен қандай споршы туралы жаздың?
2. Тақырыппен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, бүгін өтетін жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақты шешу арқылы табамыз.
1. ... байдың – елі бай мақалдың басын жаз.
2. Киіз үйдің негізгі бөлшегі.
3. Баласының баласы.
4. ҚР рәмізі.
5. ҚР тұңғыш президенті.
6. Қазақ жеріндегі көне қалалардың бірі. Ежелгі атауы – Фараб.
7. Бағалы металл.
8. 1929 - 1997 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала.
9. Қазақ халқының ұлттық аспабы.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Жануарлар.
- Дұрыс, бүгін жануарлар туралы айтамыз. Олардың адамға, табиғатқа қандай пайда әкелетінің, немен қоректенетіндерін, оларды қалай қорғау туралы әңгімелейміз.
3. Сөз сыры.
ақбөкен – сайгак, антилопа
арқар - архар
марғау - котенок
күшік – щенок
торай – поросенок
құлын – жеребенок
сарышұнақ – суслик
пір – дух, божество
жабайы – дикие
үй жануарлары – домашние животные
қорек – пища
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім мәнерлеп оқиды,
- оқушылар бірге дауыстап қайталайды,
- оқушылар тізбекпен оқиды;
- сөз тіркесін құрастыру
- сөйлем құрастыру
- Сонымен, балалр, жануарлардың қандай түрлері бар?
- Екі түрі бар: жабайы және үй жануарлары.
- Дұрыс, қазір біз екі топқа бөлінеміз.
Балалар өздері алған суреттер бойынша екі топқа бөлінеді, яғни жабайы және үй жануарлары болып.