ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан
Ұлт - азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған оқырмандар конференциясы
Мақсаты: Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Ә. Бөкейханның өмірі мен еңбек жолын, шығармаларымен таныстыра отырып, оқушылардың әдебиетке деген сезімін ояту.
Оқушылардың дүниетанымын дамыту.
Көрнекілігі: Слайд. Ә. Бөкейханға арналған бұрыш, кітаптары.
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен аяулы менің оқырман достарым, ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер!
Бүгін – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт - азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толу қарсаңында мектебімізде көптеген іс - шаралар өтіп жатыр. Міне осыған орай бізде қалыс қалмай, осы конференцияға атсалысып отырмыз. Ендеше Әлихан Бөкейханның өмірі мен еңбек жолымен таныс болайық.
Әлихан Бөкейханның өмірі мен еңбек жолы баяндама (Аружан)
Ендеше конференциямызды Әлихан Бөкейханның қанатты сөздерімен жалғастырайық.
Қанекей оқырмандар Әлихан Бөкейханның қандай қанатты сөздерін білеміз?
(Оқушылар Ә. Бөкейханның қанатты сөздерін айтып шығады)
Алаш қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды. Бұл туралы ЮНЕСКО - ның 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38 - ші сессиясында жария етілді. Бұл күллі қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі алаш зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. Ендеше біз Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына орай, сан түрлі өнерді бойына жыйған дарын иесінің бірер қырына арнайы тоқталып, ел есіне сала кеткенді жөн санап отырмыз.
Әлихан Бөкейханов жайында анықтама. ( Зейноола Сәулет, Таңшолпан)
Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала “Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға” деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда “Алаш” партиясының ролі ерекше болды.
1917 жылғы маусым айындағы басылымында “Қазақ” газеті – автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21 - 26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша “Алаш” партиясының бағдарламасы жарияланды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде “Алаш” қайраткерлері алдыңғы қатарда тұр.
Ә. Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.
Ә. Бөкейхан – қазақтың өлкетанушы ғалымы баяндама ( Еркеназ)
Мұзафар Әлімбаев ағамыздың Әлихан Бөкейханға арнап жазған Әлихан Бөкейхан өлеңін тыңдап корейік. Өлеңде жазушы Әлихан бейнесін тамаша бере білген.
Әлихан Бөкейхан өлеңі оқылады. (Нұрсаддам)
Енді Әлихан Бөкейханның шығармаларына берейік.
Баяғы заман (Баешова Марал)
Соғыс көлеңкесі (Айдана )
Кітапхана (Маратова Гүлзат)
Ендігі кезекті викториналық сұрақтарға берейік.
Осымен ХХ ғасырдың ұлы жаршысы Әлихан Бөкейхан атты конференциямыз аяқталды. Конференциямызды әнмен аяқтаймыз.
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН (1866 - 1937)
Партиясы: Алаш
Білімі: Омбы техникалық училищесі
Орман шаруашылығы институты (Санкт - Петербург)
Мамандығы: публицист, ғалым, аудармашы
Діні: ислам
Дүниеге келуі: 5 наурыз 1866
Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі
Қайтыс болуы: 27 қыркүйек 1937 (71 жас)
Мәскеу, Ресей КФСР
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05. 03. 1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27. 09. 1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт - азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Оны бітіргеннен кейін 1879 - 1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886 - 1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1890 - 1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[1]
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық - демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1 - ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1 - ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә. Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал - губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
Абақтыдан шығып Санкт - Петербургға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт - Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи , Омич және Иртыш газеттерінде
1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік Товарищ , кадеттік Речь , Слово газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909 - 17 жж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911 - 14 Қазақ газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде - ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми - шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
Сөз соңында, ғалым, Ә. Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой - сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т. с. с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
Әлихан Бөкейханның қанатты сөздері
Талас - тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.
Ақылға саңыраулық та – айып.
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.
Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.
Толық нұсқасын жүктеу