Математика 3 сынып
Сабақ тақырыбы: Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін білу
Түсіну: 9 - ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру және оны пысықтау.
Қолдану: Тапсырманы орындауда кестені дұрыс қолдану.
Талдау: Көбейту мен бөлу кері амалдар екенін талдау.
Жинақтау: Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтау.
Бағалау: Өзін - өзі бағалау және топтық бағалау.
Күтілетін нәтижелер: - Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
- 9 - ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушылар танысады.
- Тапсырманы орындауда, кестені дұрыс қолдана алады.
- Көбейту мен бөлу кері амалдар екендігін талдай алады.
- Кері байланыс арқылы алған білімдерін тиянақтай алады.
- Өзін - өзі бағалай алады және топтық бағалау кезінде топ басшысы өз ойын нақты айта алады;
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық – ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
2. Тренинг өткізу.
Өткен тақырыпты сұрау
Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Санды 8 - ге қалай көбейтеміз екен?
Ой шақыру
Ал, енді балалар, қазір біз сендермен саяхатқа аттанамыз, ғарышқа ұшамыз. Зымыранымызды қыздыру үшін мынадай математикалық диктантты орындауымыз керек.
Мұғалімнің аты - жөні: Какимбекова Анар Бекеновна
Санды 9 - ға көбейту және бөлу жүктеу