Жұмбақтар жауабымен

Скачать

Жұмбақтар жауабымен: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
1. Өзі қу, жүрген жері айқай да шу
 ЖауабыЖауабы: түлкі
2. Орманда кезеді,
Қорбаңдап жүреді
 ЖауабыЖауабы: аю
3. Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа
 ЖауабыЖауабы: піл
4. Көп қой көрсем
Шетінен
Бауыздарға құмармын.
 ЖауабыЖауабы: қасқыр
5. Ұзын құлақ,
Қыли, жырық ерін
Тез жүгірер
 ЖауабыЖауабы: қоян
Үй жануарлары
1. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар
 ЖауабыЖауабы: түйе
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
 ЖауабыЖауабы: қой
3. Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақ.
 ЖауабыЖауабы: Сиыр
4. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
 ЖауабыЖауабы: Ешкі


Скачать


zharar.kz