Тақырыбы: Аяз ата
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.
Мақсаты: Аязатаның бейнесін салуды үйрету, балаларда мейірімділік пен сүйіспеншілік сезімін оята отырып, Жаңа жыл кешінің аса сыйлығы қонағы – Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру.
Көрнекі құралдар: үлгі ретіндегі үлкен көлемді Аязата суреті.
Қажетті құрал - жабдықтар: сурет салудан жұмыс дәптері.
Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Сөздік жұмыс. Күртеше, шапан, Аязата , Санта Клоус .
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңдері:
- Балалар сәлемдесу туралы мақалды еске түсірейікші, Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің .
- Онда жылы шыраймен сәлемдесіп бір - бірімен жылу сезімімізді білдірейік.
- Балалар, сендер Аязатаның қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Онда таңдаңдар. Біз оны Аязата деп атасақ, басқа елдерде, мысалы көршілес Ресейде – Дед мороз , Санта Клоус деп атаған.
Аязата бұғылар жегілген арбаға мініп, жақсы балалардың аяқ киімдері мен шұлықтарына сыйлықтар салып кетеді екен.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарап иіліп.
Бір отырып, бір тұрып.
Бір тынығып алайық.
- Балалар енді маған Аязатаның бейнесін суреттеп беріңдерші.
Балалар сурет салуға кіріскен кезде педагог олардың жұмыстарын бақылап, басшылыққа жасайды.
Балалардың тамаша салынған суреттері мадақталады. Балалардың оқу қызметінен алған әсерлері талқыланады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Аязатаның қалай пайда болғанын біледі.
Игереді: Аязата тәрізді аңыздың кейіпкерлерді құрметтеуді, оның образдық бейнесін сала білуді игереді.
Меңгереді: сурет салу кезеңдерінің дұрыс ретін қолдануды меңгеру
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутино ауылы,
"Ақбота" балабақшасының бейнелеу өнерінің жетекшісі
Сактаганова Света Келдибаевна