Бізге қазір қай сабақ

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. Табиғаттағы су
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттағы судың адам өміріндегі маңызы туралымағлұмат бере отырып, су туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: іс - тәжірибе жүзінде оқушылардың табиғаттағы су туралы білімдерін молайту.
Дамытушылығы: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасай алу қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілігі: қоршаған орта табиғатты аялауға, ластамауға, сүйіспеншілікке, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тәжірибе жасау
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, слайдтар
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, глобус, дидактикалық материалдар

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Бізге қазір қай сабақ?
- Ендеше, назарымызды сабаққа аударайық.
Психологиялық ахуал.
- Алақанды қосып уқалаймыз,
- Ненің дыбысы? (Жел )
- Қатты – қатты уқалай екі бетімізге басамыз. Сонда бетіңіз нені сезді?(Жылы, ыстық)
- Ендеше, балалар, әрқашан жүрегіміз, көңіліміз, бойымыз жылылыққа толы болсын. Әрдайым айналамызға жылылық сыйлап жүрейік.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, әр топ өз топ басшысын тағайындап алайық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
А) Таза ауа – денсаулық кепілі ( Мәтін мазмұнын 2 оқушыдан сұрау.)
Ә) Суретпен жұмыс. (Сұрақ: - Зауыттан, фабрикадан шыққан түтіннің адамға, жануарларға зияны бар ма?

II. Қызығушылықты ояту.
3. Байқап көру.
- Балалар, үстел үстінен не көріп отырсыңдар? (Судың үш түрлі күйін көрсету)
- Үш стакан бірінші стаканда - мұз, екінші стаканда - ыстық су, үшінші стаканда - суық су.
- Ендеше, бүгін біз жаңа бөлім бастайын деп отырмыз. Ол - Су және оны қорғау деп аталады. Осы бөлім ішінде бүгінгі өтетініміз, Табиғаттағы су .
- Сонымен, табиғаттағы су жайлы тақырыбына байланысты не білуіміз керек? (Оқимыз, үйренеміз, бұрынғы білгенімізді еске түсіреміз)

III. Мағынаны тану.
- Балалар, менің қолымда не бар?
- Глобус деген не?
- Глобустан көріп отырғанымыздай жер бетінің көп бөлігі көк түспен берілген. Көк түс нені білдіреді?
- Суды.
- Балалар, жер шарындағы ең көп сұйық зат - су. Ол құрлықтан үш есе көп. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Су теңізден, мұхиттан, көлден, өзеннен құралады. Картада су көгілдір түспен көрсетілген. Су табиғаттың байлығы. Су тіршіліктің көзі.(Слайдтан көрсету құрлық - 30, су - 70 пайыз)


Скачать


zharar.kz