Таным Кіші сала

Скачать

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі ММ.
Тәрбиеші: Куанышова Айгерим Батырхановна

Екінші кіші тобының ұйымдасқан оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Кіші сала: Экология негіздері.
Тақырыбы: Д\ойын Бізге күз не алып келді
Мақсаты: Көкөніс және жеміс - жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Билингвальдық компоненті: көкөністер - овощи, жеміс жидек - фрукты, қызанақ - памидор, алма - яблоко.
Тәрбиеші іс - әрекеті
І кезең - мотвациялық - қозғаушы
Таңғы шеңбер:
Балаларға жемістер мен көкөністер жайлы айту, көрсету.
Жемістер мен көкөністердің айырмашылықтарын айту. Жемістер ағашта өседі, ал көкөністер жерде өседі.
ІІ кезең - ұйымдастырушылық - ізденушілік
Балалар қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар өз тақпақтарын айтады

Қызықты сәт:
Ойын Бауда ма, бақшада ма
Алма қайда өседі?
Көлемі қандай?
Түсі қандай?
Қызанақ қайда өседі?
Көлемі қандай?
Түсі қандай?
Түстеріне, көлеміне көніл аудару.

Алма –
Алмұрт –
Шие –
Қияр –
Қызанақ -
Орамжапырақ –
Қызылша –

Жұмбақ:
Өзі сары, қызыл домалақ,
Доп деп қалма сен бірақ..
(алма)

Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.
(сәбіз)

Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді.
(қырыққабат)

Суретпен жұмыс:
Балалар суреттерде не көріп тұрсыңдар?
- Жемістерге нелер жатады?

Көкөністер қайда өседі?
Оларға нелер жатады?

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.

Сабаққа барамыз,
Жүзім теріп аламыз.
Жүзім теріп аламыз,
Себетке біз саламыз.
Балалар біз жемістер мен көкөністерді не істеуіміз керек?

Сөздік жұмыс:
Көкөністер - овощи
Жеміс жидек - фрукты
Қызанақ - памидор
Алма - яблоко
Сәбіз – морковь
Кияр – огурцы
Орамжапырақ - капуста


Скачать


zharar.kz