Әріптің жазылуы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Have you got…? – Cенде ... бар ма?
Сабақтың мақсаты: Сөйлесу тақырыбының негізінде қарым - қатынас жасаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың негізгі міндеттері:
1. Оо әрпімен таныстыру.
2. Жаңа сөздермен таныстыру.
3. Оқушыларды Have you got…? құрылымымен таныстыру.
Сабақтың әдістері: Рөлдік ойындар, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Оо әрпі бар карточка, суреттер, етістіктерді бейнелейтін суреттер, CD диск, ойын ойнау үшін суреттер бейнеленген карточкалар.
Жаңа сөздер: Orange, open, oil, oak tree; Have you got…?
Сабақтың барысы
Ұйымдас - тыру кезеңі: Hello, children! Sit down please!
Бүгін сабақта біз жаңа әріппен және осы әріптен басталатын жаңа сөздермен танысамыз, сондай - ақ Сенде... бар ма? сұрағын қойып оған жауап беруді үйренеміз.
Ой ашар: Aa - Nn әріптерін ойын түрінде қайталау. Let’s play. Доппен ойын ойнау. Шарты: Мұғалім 1 әріп айтып допты лақтырады, допты қағып алған бала сол әріптен басталатын сөз айтады.
Оо [әu] әрпімен таныстыру: Open your books at page 74. CD қосу.
№1 ұсыныс
Тыңда, көрсет және қайтала. Exercise 1, P. 74 CD Track №60
Open, oil, oak tree, orange.
Open, oil, oak tree, orange.
Oil, orange, oak tree, open.
Тыңда және айтып бер.
Ұйқасты тыңдау.
№2 ұсыныс Exercise 2, P. 66 CD Track №54
Letter O, O, O. Listen o, o, o.
Open, orange, oil, oak tree;
Have you got a hat?
Tell me.
Әріптің жазылуы. Оқулықтағы Mm әрпін табыңдар.
Әріпті тақтаға жазып көрсету.
Ал оқушылар саусақтарын жаттықтыру үшін оқулықтағы әріпті қолмен жүргізеді, сосын ауада жазып көрсетеді.
Now, children, open your workbooks at page 38 and trace the letter Оо.
Жаз және сөйле. Exercise 3, P. 74
Түсіп қалған әріптерді жаз.
Суреттердің аттарын ата.
Есте сақта! 75 - беттегі рамаға қараңдар, сөйлемдерді оқып, бірге аударайық! Teacher - Class, Teacher - P 1, P 2, P 3… қайталату. Ойын бейнеленген суреттерді үстелдің үстіне қою. Оқушылар бір сурет таңдайды да Have you got…? құрылымын қолданып, сұрақ қойып оған қысқаша жауап береді.
- Have you got…?
- Yes No
Қатесін түзеп отыру.
Тыңда және белгіле Exercise 4, P. 75 CD Track №62

Сұра және жауап бер Exercise 5, P. 76
You - сен мағынасын түсіндіру.
Бірінші баған бойынша 4 суретті ٧ белгілеңдер.
- Have you got…?
- Yes No
Екінші баған бойынша your friend досынын қандай заттары бар екенін сұрап білу.
Жұптық жұмыс Суреттер таратып беру.
- Have you got…?
- Yes No
- Yes I have got a …
- No, I haven’t got a …
Сабақтың қорытынды кезеңі: Сабақта танысқан әріп пен сөздерді айтқызу.
Ойын: Менде 3 сурет бар. Сендер Have you got…? сұрағын қойасыңдар менде жоқ болса No деп жауап беремін, егер тапсаңдар Yes деп тақтаға ілемін.


Скачать


zharar.kz