6 - сыныпқа арналған
Тіл дыбыстарының жіктелуі бейіндік бағдарламасы
Түсінік хат
Бұл бейімдік бағдарлама 6 - сынып оқушыларына қазақ тілі білімінің фонетика саласын тереңірек меңгертуге арналған. Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Тіл дыбыстарының жіктелуі курсының сабақтарында әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Бұл бағдарламаның қамтитын мәселелері: фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі, фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс - тәсілдері; фонетикалық талдау; фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері; фонетикалық диктанттар.
аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат