Ауаға жазу

Скачать

Тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі
Мақсаты: оқушыларды Ф дыбысымен таныстыру, оның орыс тілінен енген сөз дерде кездесетінін түсіндіру.
Дамытушылығы: сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Дағды: таза, сауатты жазу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: ой қозғау, ойындар, ОСКТ, сызбамен жұмыс, ребустар шешу, Футбол суреті, әл – Фараби суреті, ферма, завод суреттері, футбол добының макеті.
Көрнекілік: кеспе әріптер, буындар, суреттер, конфеттер, футболка, туфли, телефон, шарф, фонарь, фотолар, әл Фараби суреті, слайд, видео.

Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу
Хормен: - Үлкенге де Сіз ,
Кішіге де Сіз .
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Мұғалім: - Әрбір адам –
Оқушылар: - Туысым, досым, жұрағат.
Мұғалім: - Әрбір сабақ –
Оқушылар: - Үйрену, ұғу, ұлағат.
Психологиялық даярлық: Мен тілеймін
- Енді, бір – бірімізге бүгінгі күніміздің сәтті өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
- 5 ал! - Бақытты бол! - Көңілді жүр! - Қуан! - Шаттан! - Әдемі бол! – Үлгілі бол!
- Шыншыл бол! - Ақылды бол! - Ізетті бол! - Әдепті бол!

Ребус шешу. Апта.
Сурет арқылы шешу.
- 1 аптада неше күн бар? Атап жіберейік.
- Олай болса, Жеті ұлы бар бір үйдің өлеңін оқып берейін.
- Енді, аптаның 7 күніне 2 топ болып саяхатқа шығайық.
Қошақан тобы
Құлыншақ тобы

Дүйсенбі: Өткенді пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы қандай дыбыс?
- Қошақан тобы
- В – дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дауыссыз дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
- Құлыншақ тобы
- Үн мен салдырдың қатысына қарай - ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, үннен гөрі салдыр басым.

Оқулықпен жұмыс:
1. Оқушыларға тізбектей оқытамын.
2. Вокзал мәтінінен түсінгендерін сұраймын.
3. Завод суреті көрсетіліп, сөйлем ойлау тапсырылады.
1. Атырау қаласында мұнай өңдеу заводы бар. Бұл заводта әкем жасайды. Заводтан көп өнім шығарылады.
- Осы сөйлемдердің схемасын сызайық.
- 1 сөйлем неше сөзден құралған?
Сөйлемге байланысты ережелер қайталанады.

Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға – оңға түзу тұр,
Солға – солға түзу тұр.
Жоғары – төмен қарайық,
Бойымызға күш жинап,
Біз шынығып алайық.
Сейсенбі: Жаңа сабақ.
Ойлан, тап ойыны.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын, шешіп көрің
- Судан шашақ шашылар,
Су тоқтаса, басылар. Бұл не? Шешуі: Фонтан.
- Осы сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс бар?
- Кәне, айтып көрейік. Қандай дыбыс екен?
Ф – бұл – дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Үнмен салдырдың қатысына қарай – қатаң дауыссыз дыбыс., тек салдырдан тұрады.
- Ф дыбысының әріп таңбасы – мынау Ф ф. Баспа және жазба түрі көрсетіледі.

Сәрсенбі: Оқулықпен жұмыс:
- Балалар, оқулығымызда не берілген, танысайық.
Кітаптан Ф әрпін көрсетейік.
Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бағандағы сөздерді оқып беремін. Түсіндіремін ( слайд )
Оқушыларға қайталатып оқытамын.
Футбол өлеңі мен әл – Фараби өлеңін оқып, суреттер арқылы түсіндіремін.
1. Оқушыларға іштей оқытамын.
2. Тізбектей, дауыстап оқытамын.
3. Өлеңдерді мәнерлеп оқытамын.
4. Жаттатамын.
5. Жатқа сұраймын.
Бейсенбі: Дәптермен жұмыс:

Сергіту сәті: - Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
1. Ауаға жазу.
2. Тақтаға жазу.
3. Үлгі бойынша дәптерге жазу.

Сөздік диктант ( заттарды көрсету арқылы жазу )
Аю, ат, құс, тышқан, жылан, телефон, фартук.
Бағалау:
Жұма: Буындардан сөз құра ойыны:
фир, ма, фут, бол, фер, ма, фо, то

Сенбі: Ребус шешу.
1 а
Ф 10 т 10
- Қандай сөз шықты? ( Видео көрсетіледі)
- Бүгінде әлемнің кез келген қаласынан көше сәніне сән қосып, шырай беретін субұрқақтарды оңай кездестіруге болады. Бірақ ол субұрқақтардың барлығы ән айтып, би билей бермейді. Әлемнің ең әдемі, ең ерекше субұрқақтарының бірі – Дубайдағы Әрі әнші, әрі биші субұрқақ.
- Фонтан сөзіндегі дауыссыз дыбыстар қайсылар? Ф, н, т.
- Кәне, дауыссыз дыбыстарға мінездеме берейік.
Қошақан тобы Ф дыбысына мінездеме бере қойыңдар.
Ф – бұл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай – қатаң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.
Құлыншақ тобы Н дыбысына мінездеме?
Н - бұл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай – үнді дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, салдырдан гөрі үн басым.
Дыбыс ұста ойыны
- Кәне, балалар, мен дыбыстарды айтамын, сендер тез қағып алыңдар.
- К о н ф е т, т у ф л и, ш а р ф, ф у т б о л к а.
- Балалар, футболка сөзін буынға бөлейік.
- Фут – бол – ка. Буын түрлеріне ажыратайық.
- 1 – бітеу буын. Себебі,...
- 2 – бітеу буын. Себебі,...
- 3 – ашық буын. Себебі,..

Жексенбі: Тынығып, демалу. Тосын сый
- Балалар, бұл күні бізге тосын сый дайын тұр. Ол міне, жұмыртқа.
- Кәне, ішін ашайық. ( Жұмыртқаның ішінен 1, 3 сандары, қағаз шықты. Қағазда жұмбақ жазылған.)
1. Қосылса, 1, 3 арасы,
Қандай әріп қарашы. ( В )
2. Арқасын тіреп жабысып,
Екі Р тұр қабысып.
Бұл қай әріп? ( Ф )

Сабақты қорытындылау:
- Сонымен, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Мадақтау: - Бүгінгі сабақта аса белсенділік көрсеткен топқа Қазақстанның
Атырау футбол командасындай, намысты қолдан бермей, Білім қақпасына доп сала беріңдер! (Үлкен доп макеті тапсырылады).


Скачать


zharar.kz