Қадыр Мырза Әли
Шарықтау шегі
Серкелер жиында
Сөйлейді тайынбай.
Кіселер қоржындай,
Белбеулер айылдай.
Құлақтар қалқандай,
Күрек тіс кетпендей.
Барлығын талқандап
Батырлар өткендей.
Дұшпаны басқа ұрған
Ішінен тынады.
Шоқиған қасқырдай
Шошайған тымағы.
Ашудан жабылған
Ашылмас қабағы,
Аршадан шабылған
Астаудай табағы...
Айтқанда аспандар
Ақындар,
Абыздар.
Қайран сол дастандар,
Қайран сол аңыздар!