Әңгіме

Скачать

Әңгіме: Нағыз махаббат
Бірде ұстаз өзінің шәкірттерінен сұрады:
- Неліктен адамдар жанжалдасқанда, бір-бірлеріне дауыс көтереді?
- Өйткені олар тыныштығын жоғалтады, - деп жауып берді шәкірттердің бірі.
- Бірақ адам жанында тұра, сонша айқайлаудың қажеті қанша? Ашуланып тұрса да, дауыс көтермей сөйлесуге болмай ма? – деді ұстаз.
Шәкірттер түрлі жауаптар берді алайда, ұстаз олардың берген жауабына қанағаттанбады.
Соңында, ұстаз өзі жауап берді: Адамдар көңілінен шықпағанда жанжалдасады және олардың жүректері бір-бірінен алыстап кетеді. Олар бір-бірін естімейді сол себепті дауыс көтереді. Өкпе-реніш ұлғайған сайын жүректер сонша алыстай береді, дауыс көтеру де ұлғая береді.
- Адамдар сүйіспеншілікке бөленгенде қандай күйде болады? – деп сұрады балалар.
- Мұндай кезде дауыс көтермейді керісінше баяу сөйлейді, өйткені, олардың жүрегі жақындай түседі ара қашықтық өте жақын, - деп түсіндірді ұстаз.
- Ал, егер сүйіспеншілік одан сайын арта түссе ше?
- Онда олар тіл қатпай-ақ бірін-бірі қас-қабағынан ұғысатын болады,- деп жауап берді ұстаз.
Дайындаған: Жайна


Скачать


zharar.kz