Астана қаласы.
Оқытушы: Тулегенова М. Ш.
Тақырып: Бюджеттеу мақсаты. Бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктері.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: ойын элементі енгізілген сабақ
Мақсаты: Бюджеттеу мақсатын, кәсіпорын үшін маңызын және бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктерін қарастыра отырып, түсінік беру
Сабақ міндеті:
Білімділік: оқушылардың білімдеріне сүйене отырып бюджеттеу мақсатының мәнін ашып, түсінік бере отырып меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау белсенділігі қабілеттерін жетілдіру және топтық құрамда жұмыс жасауға икемділік қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіптілікке, жауапкершілікке баулу, ұжымдық жұмысқа белгілі бір мақсатқа жетуге, іскерлікке, ойлауға, нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақты жабдықтау: лекциялық материалдар, ИКТ, флипчарттар, оқу жабдықтары, калькулятор, таратпа материалдар.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: жобалап оқыту технологиясы, интерактивтік технология.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, салыстыру. көрнекілік, компьютермен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Ұйым қаржысы, Ақша, қаржы және несие, Қаржы талдауы.
Сабақ барысы:
Сабақтың құрылымдық – логикалық жүйесі:
І. Ұйымдастыру уақыты 2мин.
1. 1. Амандасу - 1 мин
1. 2. Сабаққа дайындықтарын тексеру - 1мин.
ІІ. Тақырыпты меңгертуге дайындық - 13 мин.
2. 1. Миға шабуыл Жүйрік болсаң озып көр - 4 мин
2. 2. Рольдік ойын Қаржылық жоспарлау мақсаты – 8мин
2. 3. Динамикалық пауза - 1мин.
ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 12мин
3. 1. Бюджеттеу мақсаты. Бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктері - 12мин
ІV. Бекіту - 13мин
4. 1. Дұрыс жауабын тап ойыны - 3 мин
4. 2. Ойлан тап есеп шығару - 5мин
4. 3. Тест тапсырмаларын шешу – 5мин
V. Қортындылау, бағалау, рефлексия - 5 мин
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Сәлеметсіздер! Балалар біздің бүгінгі сабағымыз Бюджеттеу мақсаты. Бюджеттеу үрдісінің ерекшеліктері . Бүгінігі, сабақ барысында сіздерге Іске сәт! ,- деп, бастаймыз.
ІІ. Тақырыпты меңгертуге дайындық - 15 мин.
2. 1. Миға шабуыл Жүйрік болсаң озып көр - 4 мин
Берілген сөздердің, түсініктеріне қарай мағынасын табу қажет. Бұл кезең шарты:
Топ берілген уақытта өздерінің өткен сабақ тақырыптарын қаншалықты көп білетіндіктерін көрсетуі керек.
2. 2. Іскерлік ойын Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мақсаты – 8 мин. (Екі топ Қаржылық жоспарлау мақсатын талқылап іскерлік ойынмен көрсетеді)
1 топ Фирманың аты: Беркут,
Біздің ұранымыз: Еңбек пен Пайда, Әрқашан алға
Фирманың мақсаты: Кәсіпорында ақша ағынын басқару арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Біздің кәсіпорын ақша ағымы яғни, жоспарлаған жыл ішіндегі тапқан табыстан шығындарды төлеу арқылы басқарады.
Келесі жылға қаржылық жоспарда біз алдыңғы орынға тауарды өндіру, дебиторлық қарызды азайту, сату бюджетін дайындау және шығын құрамын жоспарлау мен өнімді өткізу шығындарын есептеп, талдау арқылы табысты көбейтеміз. Өнім өндіру барысындағы өнім сапасының жақсаруы, шығындардың азайюы, пайданың өсуіне және тұрақтылықты арттыруға қызмет жасайыз.
Қаржылық жоспарлаудың іскерлік белсенділік көрсеткіштері мына сипаттама арқылы көрсетіледі:
1. бір акцияға түскен табыс пен пайда;
2. таза табыс;
3. акцияның құндылығы;
4. бір акцияның баланстық құны;
5. бір акцияның табыстары;
6. акцияны бағалау коэффициенттері;
7. дивиденттерді төлеу коэффициенттері;
8. тұрақты өсу коэффициенттері;
9. капиталдандыру коэффициенттері.
2 топ. Фирманың аты: KazInvest
Біздің ұранымыз: KazInvest фирмасы алға
Биіктерге самға,
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда!
Фирманың мақсаты: Кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету арқылы іскерлік белсенділікті арттыру.
KazInvest кәсіпорынның ең бірінші орында әлеуметтік адам арасындағы қарым - қатынасты жақсартуды мақсат етеді. Егер адам арасындағы қарым - қатынас болған жағдайда бұның арқасында кәсіпорынның тек қана пайдасы ғана емес, оның экономикасы, қаржылық жағдайы, оның өнім өндіру белсенділігі арттыра түседі.
Жалпы өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнім өндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын табиғи зат;
өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы;
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі;
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы.
Өндіріс қорлары 2 түрге бөлінеді:
1. Негізгі қорлар - ғимараттар, құрал - жабдықтар, машиналар және т. б,
2. Айнымалы қорлар - шикізаттар, материалдар, аяқталмаған өндіріс, негізгі өндіріс және т. б.
Ал енді Англияда алдағы жылы ашқалы отырған филиалымыздан өкіл келіп отыр. Сол кісіге сөз берейік!
Thank you! Hello ladies and gentlemen! I'm glad to be here! I'm an representative came from England. We have fully investigated your company and your industrial and social circumstances impressed us. The reason for my visit, to sign a contract with you and discuss the financial managers of financial issues. Therefore, if the company wants to open a branch in England, we are ready to help them.
Рахмет! Сәлеметсіздерме ханымдар мен мырзалар! Мен осы жерде болғаныма қуаныштымын! Біз сіздердің фирмаларыңызды толықтай зерттеп, өндірістік - әлеуметтік жағдайларыңызға тәнті болдық. Мен осы жерге сіздермен келісім шартқа отырып, қаржылық менеджерлермен қаржылық мәселелерді талқылау себебімен келіп отырмын. Сондықтан, егер осы фирма өз филиалын Англияда ашқысы келсе, біз оларға көмектесуге дайынбыз.
Алдағы уақытта осы шетелдік фирма арасындағы қарым - қатынасты байланыстыру үшін біз өз қызметкерлерімізді тәжірибе алмасуға шетелге жібереміз. Осының нәтижесінде кәсіпорынның әлеуметтік жағдайын жақсартуға ұмтыламыз. Қорыта келгенде, тәжірибе алмасу арқылы және жаңа алған әсерінің арқасында жұмысқа деген белсенділікті арта түсуімізге еш күмән келтірмейміз.