Өмірді болжау мүмкін емес
Баяғыда бір кеме апатқа ұшырап, жалғыз қалған адамды толқын елсіз бір аралға әкеп тастапты. Кемедегі барлық адам суға кетіп бір ғана адам тірі қалғаны екен, ол Құдайға тірі қалдыруын сұрап, күнде жалбарыныпты. Ол күнде, көмекке келе жатқан кеме жоқ па қарап, көкжиекке көз тігіп, үміттенумен күнін өткізеді.
Әбден күдерін үзген әлгі адам, қираған кеменің жағаға шығып қалған, тақтайларынан өзіне күрке соғып алады. Бірде тамақ іздеп кеткен ол жағажайға келсе, үйі өртеніп, көк түтін аспанға көтеріліп жатыр екен.
Ең сұмдығы, күркемен бірге оның барлық заты өртеніп кетіпті. Енді оның түгі қалмады. Адам өзінің ашу-ызысын ұстай алмай: - Құдайым - ау Сенің мұның қалай? – деп жылады.
Көзі ілініп кеткен ол кеменің дауысынан оянып кетті. Кемедегілер оны құтқару үшін жағаға жүзіп келе жатты.
Қуанып кеткен Адам: - Мұнда тірі жан бар екенін қайдан білдіңіздер, - деп сұрады матростардан. - Түтінмен берілген белгіні көріп келдік, -деді олар.
Дайындаған: Жадыра
Дереккөзі: rifmnet. ru