Табиғат туралы білімдерін кеңейту

Скачать

Қараша айы жыл аралығындағы Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Апталық тақырып: Құстар біздің досымыз. Қыстайтын, жыл құстары
Балаларды қабылдау
Ата - аналармен әңгімелесу
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т. б.)
Таңертеңгі гимнастика (5 мин)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топта тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.
Үстел үсті, саусақ және т. б. ойындар.
Қимылды ойын: Кім жылдам?
Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойындағы зейінділік,
сезімталдық қабілеттерін дамыту.
Тақырыбы: Кім тапқыр?
Мақсаты: Суретте берілген бейнені дұрыс таба білуге дағдыландыру.
Қимылды ойын: Тез орында?
Мақсаты: Балаларды жылдамдылыққа, шапшаңдыққа, ептілікке дағдыландыру.
Ертегі.
Қарлығаш пен дәуіт ертегісі
Оқып беру
Құстар неге қыстап қалады?
Балалармен қыстап қалатын құстардың не себепті қыстап қалатындары туралы әңгімелесу.

Таңғы ас
Ойын - жаттығу Ас ішерде күнде біз
Сөйлемейміз күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Елемейміз білмейміз.
Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын - жаттығулар
Қимылды ойын: Аттамақ .
Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Саяхатшы ойыншық
Мақсаты: Табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Табиғат әлемі картиналар топтамасы.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты: Қыста құстарға аяз қорқынышты емес, аштық қорқынышты болатынын түсіндіру. Оларға қамқор болу, аяушылықпен қарауға баулу.
Сөздік ойын.
Кім шапшаң
Мақсаты: Балалардың үй құстары, дала құстарын ажырата білуге білімдерін кеңейту.
Табиғат әлемі жүктеу


Скачать


zharar.kz