Егінші мен қасқыр

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (3 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ас атасы - нан, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.
Дамытушылығы: Халық ауыз әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін кеңейту, өз ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей атты мақал негізінде еңбексүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: ертегіге байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай, ана тілі сабағын бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Шегіртке мен құмырсқа мысал өлеңін рөлге бөліп оқыту.

III. Өткен сабақты бекіту.
- Сабақта қандай өлең өттік?
- Құмырсқа қандай жәндік?
- Шегіртке қандай жәндік?
Құмырсқа - Еңбекқор, ұйымшыл
Шегіртке - Еріншек, жалқау

IV. Жаңа сабақ.
Кітаппен жұмыс. 1 - тапсырма.
Суретке зер сал.

Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт. Осы тағамдар дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле.
2 - тапсырма. Егінші мен қасқыр. (Литва ертегісі)
Ертегіні түсініп оқу, мазмұнын айту.

- Ендеше осы ертегіге сүйеніп нанның дастарханға қандай жолмен келетінін айтып көрейікші. (оқушылар айтады) Күзде жер жыртады, жерді тырмалайды, тұқым әзірлейді, тұқымды себеді, күзде егеді, көктемде шығады, егінді күтіп баптайды. Бидай піседі, орады, баулайды, кептіреді, маялайды, бастырады, ұн тартады, қамыр илейді, нан пісіреді.
- Дастархандағы нанның қандай қиын жолмен келетінін білдіңдер, көп еңбекпен келетінін нан дәмі сондықтан джа дәмді екен.
- Нанды сонда біз қандай маман иесі арқылы дастарханға қойып отырмыз деп ойлайсыңдар?
- Егінші еңбегі сондай қиын, өте маңызды мамандық екен.
Дәптермен жұмыс
Сызбадағы сөздердің істің істелуіне ретіне қарай ата және жаз.
1. Жер жырту.
2. Жер өңдеу.
3. Тұқым себу.
4. Жайқалған егін
5. Егін жинау

V. Сабақты бекіту.
Ой толғаныс .
- Егінші мен қасқыр ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Тұрмыс – салт ертегісі. Себебі, бұл ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған, яғни нанның дайындалу тәсілі айтылған.
- Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел айта аласыңдар?
- 1) Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
- 2) Ас атасы – нан.
- 3) Дастарханда наны жоқтың,
Тағамының сәні жоқ.
4) Нанға құрмет – елге құрмет.

VI. Үйге тапсырма.
Егінші мен қасқыр ертегісін түсініп оқып, мазмұндап келу. Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу.

VII. Оқушыларды мадақтап, бағалау.
- Балалар, бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтайық.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназияның
Бастауыш сынып мұғалімі.
Ыбыраева Назым Мухаметкалиевна

Егінші мен қасқыр. жүктеу


Скачать


zharar.kz