Қожанасыр насыбай шақшасының айнасына қарап тұрып шаштаразға

Скачать

Қожанасыр мен шаштараз
Қожанасыр шаштаразға шаш - сақалын алдыруға барады. Шаштараздың ұстарасы өтпей, бас терісінің құйқаларын қырқып, кесіп алған жеріне ақ мақтаны жалбыратып, жабыстырып қоя беріпті. Қожанасыр насыбай шақшасының айнасына қарап тұрып шаштаразға:
– Сізге рахмет, басымның тең жартысына мақта егіпсің, енді қалғанына туғандарым тары егіп жесін,– деп орнынан тұрып кетіпті.

Қожанасыр мен ұры
Қожанасыр бір айлы түнде есегіне мініп, ауылына бара жатыр еді, алдынан кездесе кеткен ұрыларға көзі түсіп, қашып құтылудың амалын таба алмаған соң, есегінің бауырына жата қалады.
– Кімсің, жөніңді айт? – деді ұрылар Қожанасырдың жанына келген соң.
– Есектің қодығымын,– дейді Қожанасыр үрейлене қорқып.
Ұрылар есекке таяу келіп, үңіле қарап тұрады да:
– Бұл есек еркек қой! – дейді.
Сонда Қожанасыр:
– Шешем тойға кетіп, әкеммен бірге еріп келемін,– депті.

Баяғыда бір бай той жасап, халықты риза еткісі келіп, әрбір келген қонаққа кетер кезінде бір қойдан сыйлапты. Сонда халық риза болмай қатты ашуға мініпті: " Берсе арқанымен қосып бермей ме, соншама бай бола тұра, тек қана қойды бергенше!"- депті.

Бір әйел мас күйеуін шошытпақ болады да, ақ матаға оранып, қолшамын жағып барып, күйеуін жұлқылай бастайды. Күйеуі ыңыранып бұрылып: - Не болды? Сен кімсің?- дейді. - Мен – албастымын! - Онда танысайық, сен осы үйдегі албастының әпкесісің ба, сіңлісісің бе?

Кешкісін кеңсесінен келген күйеуін әйелі қуана қарсы алып:
- Біздің балақайымыздың тілі шықты, сөйледі, бірінші айтқан сөзі Әке болды!- дейді.
- Шын ба, ей?! Ғажап болды десеңші! Қашан сөйледі?!
- Жаңа ғана, теледидардан шимпанзені көргенінде!


Скачать


zharar.kz